Бастық гардеробы

Бастық гардеробы

Бастық болу арман ба? Бұл арманға жету жолында не істейсіз? Бастама ретінде бастық сияқты киінуден бастасаңыз болады.

Сонымен, үлкен бастық қалай киінеді?

  • Қара, сұр түстерді мәңгілікке ұмытыңыз! Қара көк, жасыл, қызыл түстердің түрлі реңктеріне назар аударыңыз.
  • Болашақ топ-менеджердің аяқ киімі - биік өкшедегі классикалық туфли.
  • Егер сырт көзге тым жас көрінсеңіз, көзілдірік киіп жүріңіз. Классикалық пішінді көзәйнектер сізді байсалды қылып көрсетеді.
  • Бір-екі қымбат аксессуар алып қойыңыз. Брендті сөмке, сағат, әшекей бұйымдар. Тым үлкені мен жылтырынан абай болып, орта көлемді, алтын, күміс жалатылғандарын таңдаңыз. Бұндай аксессуарлар кез келген киіммен жарасып кетеді.
  • Сыртқы киім де сіздің бастық бола алатыныңызды көрсетуі керек. Күзгі пальто таңдағанда, дене бітіміңізге сай, классикалық пішілген түрлеріне назар аударыңыз.
  • Косметиканы да дұрыс қолдана білген дұрыс. Реңк беруші крем таңдауға үлкен жауаптылықпен қараңыз. Оның түсі теріңіздің реңкімен сәйкес болуы керек. Еңлік жағуға ерінбеген ару расында "қымбат" көрінеді. Ал ерінге арналған далаптың орны мүлдем бөлек. Ылғи көпшіліктің назарында болатын бастыққа еріннің пішінін дәл сызатын, артық жылтырсыз далап қажет.

Бастық болғыңыз келе ме?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: cosmo.kz

С. А