Көктем-жаз 2018: Сәнді макияж

Көктем-жаз 2018: Сәнді макияж
Фото: pixabay.com

Киім дизайнының стильді бағыты секілді макияжға деген сән де өзгермелі. 2018 жылғы көктем-жаз мерзімінің сәнді макияжы – жалықтырғыш үлгіден бас тарту. Енді зейін еркін стильге қойылады.

Қалың сызық (стрелка)

Қалың сызық – көктем-жаз мерзіміндегі макияждың хиті. Стильді көріну үшін сызықтың шеттері жіңішке, ал ортасы қалың болуы керек. Оны көздің үстіне де, астына да сызуға болады. Мұндай қатаң сызықтар шеберлікті қажет етеді. Былтыр сәнде болған түрлі түсті сызықтар да трендте болады. Оның тек өзін немесе қара сызыққа қосымша сызу арқылы қолдануға болады.

Ірі глиттер (жылтырақ)

Макияжда ірі глиттер қолдану сәнге айналды. Оны қастың немесе көздің астына қолдануға болады. Глиттердің түсін көз түсіне сәйкес таңдауға болады. Глиттер қолданған жағдайда ол макияждағы жалғыз екпін болуы керек. Бұл кезде тень, сызық немесе тушь қолданудың керегі жоқ.

Дрейпинг

Бет пішінін тональді құралдармен, хайлайтермен және пудрамен түзету артта қалып барады. Енді бет әрлеушілер бетті далаппен (румяна) түзетеді. Макияждың бұл түрі дрейппинг деп аталады. Сіз жақ сүйекті және қабақты аздап шабдалы немесе алқызыл гаммада бояуыңызға болады. Бастысы далап өте ашық түсті болмауы керек. Оның нәзік түсті түрлерін таңдаңыз.

Алқызыл реңкті макияж

2018 жылғы көктем-жаз мерзімінде алқызыл түс – басты түстердің бірі. Тень, далап, опа, ерін далабының алқызыл реңкті түрлері косметикаңыздан табылуы керек. Бұл түспен тек қабақ пен жақты ерекшелеуге болады немесе total pink (тұтас алқызыл) стиліндегі макияж жасауға болады.

Нюд макияжы

Жылдан жылға нюд макияжы білінбейтін болуға бағытталып келеді. Қазір қыздың бояу жаққанын білу қиынға соғады. Табиғи болуға ұмтылыс көктем-жаз мерзімінде де қолға алынған. Оны жасау үшін аз ғана косметика керек. Ол үшін бетіңізге крем жағып, ерніңізді мөлдір жылтырмен бояп, бет терісін аздап хайлайтермен түзетіңіз. Күнделікті нюд макияжы дайын.

Шабдалы реңк

Нәзік шабдалы реңкті жартылай мөлдір теньдер – 2018 жылғы көктем-жаз мерзімінің тағы бір сәнді тренді. Бұл нәзік түс жеңіл күндізгі макияжға қосымша бола алады. Бұл түс кез келген қызға жарасады. Шабдалы түсті теньді тек үстіңгі қабаққа, көздің айналасына толықтай немесе тек көздің сыртқы бұрыштарына жағуға болады. Бет әрлеушілер мұндай түсті теньмен күңгірт (матовый) ерін далабын немесе ашық түсті жылтыр далапты қолдануға кеңес береді.

Ашық түсті ерін далабы

2018 жылғы көктем-жаз мерзімінің ерін макияжы қызыл түстің түрлі реңктерімен қуантады. Оның классикалық алқызылдан бастап жарқын фуксия түсіне дейінгі түрлері сәнде болады. Ерін пішінінің сызығы анық болуы керек. Ерін пішінінің қатаң сызықтарына «желінген ерін далабы» эффектісін қолдануға болады. Енді әрдайым ерінді қайтадан бояп жүрудің қажеті жоқ, себебі жартылай өшірілген ерін далабы – осы мерзімнің тренді. Егер ерніңізді қызыл далаппен боясаңыз, көзіңізді тіптен бояусыз қалдырыңыз немесе жеңіл сызық салыңыз.

А. Жапатова