Көктемгі маникюрге бірнеше идея

Көктемгі маникюрге бірнеше идея
Фото: pinterest.com

Көктем – ашық және қанық түстермен тәжірибе жасайтын мерзім. 2018 жылғы көктемгі маникюрде нәзіктік пен романтикалық үлгілерге жол беріңіз. Ендеше, қандай маникюр жасататыныңызды ойланып жүрсеңіз, мына идеяларға көз жүгіртіңіз.

2018 жылы нейл шеберлері ақшыл көк, жалбыз, ашық құлпынай секілді жұмсақ түстерге мән беруге кеңес береді. Маникюр көктемдік көңіл күй сыйлауы үшін тырнағыңызға гүлдің суретін салдыруға болады. Мұндай гүлдер мөлдір фонда да ерекше әдемі көрінеді. 









А. Жапатова