Тырнақтарыңыз сау болу үшін...

Тырнақтарыңыз сау болу үшін...
Фото: pixabay.com

Тырнақ – әдемі маникюрге арналған төсем ғана емес, ол саусақтарды қорғайды және заттарды ұстауға икемдейді.

Ұзын әрі сау тырнақтар қолға күтімді әрі әдемі түр сыйлайды. Мұндай тырнақтармен музыкалық аспаптарда ойнау немесе компьютерде теру ыңғайлы. Тырнақ өсіруге арналған құралдар оның өсуін жылдамдатпайды, тек зақымданудан құтқарады, соның себебінен тырнақтар сау әрі ұзын болып өсе бастайды.

Тырнақтың өсуі жайлы қызықты фактілер

– тырнақ орташа есеппен айына 3,5 мм өседі;
– тырнақ өсуіне жалпы денсаулық жағдайы, құнарлы заттардың келуі және тырнақ күтімі секілді түрлі факторлар әсер етеді;
– ұзын тырнақ өсіруге арналған арнайы құрал болмайды;
– тырнақ қаншалықты берік болса, ол соншалықты өсе бастайды және сирек қабаттанып, сынады.

Тырнақ қалай өседі?

Тырнақтың қалай өсетінін түсіну олардың саулығын сақтау үшін өмір сүру салтыңызды өзгертуге итермелейді.

Тырнақ пластинасы

Тырнақтың қатты бөлігі осылай аталады, оның да шаш секілді көп бөлігі кератин ақуызынан тұрады. Сонымен бірге тырнақ пластинасы тірі тін емес, сондықтан оның жағдайын сырттан жақсартуға болмайды. Тырнақ пластинасы зақымын тырнақ төсегіне әсер ету арқылы кетіруі мүмкін.

Тырнақ төсегі

Ол тырнақ астында жатқан тіндер жинағы. Егер тырнақ саусақ ұшынан төмен сынса, онда тырнақ төсегі де зақымдалуы мүмкін. Егер мұндай сезім бір рет басыңыздан өтсе, оның қалай ауыратынын білесіз. Мұндай сезім кейде тырнақты ойып, қатты алып жіберсеңіз де болады. Сондықтан бұл тырнақ төсегі тірі тіннен тұратынын көрсетеді.

Тырнақ өсуі тырнақ матриксінен басталады.

Тырнақ өсуі жайлы аңыздар

Олардың кең таралғандарының біріне тырнақты лакпен қаптау, арнайы ұзарту және басқа да сол секілді сыртқы қаптамалар жатады. Тырнақ пластинасы өлі негіз болғандықтан, тырнақ өсуіне лактар көмектеспейді. Тырнаққа жағылатын дәрумендер де оның өсуіне көмектеспейді. Олар тырнақты бекітіп, қабаттануын тоқтатуы мүмкін. Тырнақ саулығын жақсартатын арнайы лак болмайды.

Диета мен тырнақ саулығы

Біздің барлық ағзамыз секілді тырнақ та өзіне ақуызды, суды, жемістерді, көкөністерді және дәрумендер қатарын қосатын үйлестірілген тамақтануды қажет етеді.

Мысалы, ағзаға темірдің жетіспеуі тырнақтың тегіс еместігі мен сынуына әкелсе, ақуыз жетіспеушілігі тырнақ атызы (борозда) пайда болуына итермелейді. Сондықтан да тырнақ өсуіне үйлестірілген диета жақсы көмектеседі.

Тырнақ өсуіне ықпал ететін үй құралдары

Кей үй құралдары тырнақ саулығын жақсартып, оларды зақымданудан қорғауға көмектеседі. Бірақ, жоғарыда айтып өткендей, олар тырнақтың жылдам өсуіне көмектеспегенмен, олардың жалпы жағдайының жақсаруына ықпал береді.

Қол құрғақтығына қарсы күтім

Қолға және тырнақ айналасындағы теріге ылғалдандырушы крем жағу сау тырнақтардың өсуіне әкеледі, себебі құрғақ қол құрғақ тырнақтарға тең десе де болады. Құрғақ тері жарылып, қанауы да мүмкін. Тырнақ айналасындағы құрғақ тері өсіп келе жатқан тырнақты зақымдап жіберуі ықтимал.

Әсіресе, қол терісі мен тырнақ айналасы терісіне суық мерзімде көп күтім жасау керек. Қолыңызды әр жуған сайын ылғалдандырушы лосьон қолдануға тырысыңыз.

Тырнақты құрғақ етіп ұстау

Су тырнақты жұмсартып, оны әлсіз етеді. Сондықтан душ қабылдау секілді су процедураларынан соң міндетті түрде тырнақты құрғатып сүртіңіз. Ыдыс, еден немесе киім жуғанда тырнақты тазалаушы құралдар мен судан қорғау үшін қолғап киіп алыңыз.

Сірқабықты қорғау

Сірқабық – тырнақ матриксін қорғайтын өте жіңішке тері жолағы. Егер оны өте қысқа етіп қиюды әдетке айналдырсаңыз, ол бір күні инфекция тарататын орта жасайды. Сірқабықты алып тастаудың орнына оны ылғалдандыруды әдетке айналдырыңыз.

Маникюр жасату кезінде абай болу

Маникюр жасататын салон да инфекция көзі болуы мүмкін. Шеберлердің көпшілігі заманауи технологияны қолдана бермейді. Маникюр жасату кезінде ауыртып жатқанын сезсеңіз, бірден тоқтатыңыз. Маникюр процедурасы еш ауыртпауы керек.

Агрессиялық лак кетіретін сұйықтықтан сақ болу

Құрамында ацетон бар лак кетіретін сұйықтықтар тырнақтың құрғақтығы мен әлсіреуіне әкеледі. Егер ацетон қосылған сұйықтық қолдану керек болса, оған тырнақтарыңызды салмай, мақтамен сүртуге тырысыңыз. Содан соң қолыңызды жақсылап жуып, ылғалдандырушы крем жағыңыз.

А. Жапатова