3 күнге арналған диеталар

3 күнге арналған диеталар
Фото: Thế Giới Bảo Hiểm

3 күнге арналған диета – қысқа уақыт ішінде 2-4 килограмм артық салмақтан арылу керек кезде сұранысқа ие. Әрине, мұндай диеталар тамақ үлесінің калориясын айтарлықтай төмендетуге негізделгендіктен, ол ұзақ нәтиже бермейді. 3 күнде 3-5 кг артық салмақтан шынымен арыласыз, алайда ол диетадан соң да тамақтануыңызды реттемесеңіз, бұрынғы салмағыңыз қайтадан орнына келеді. Арықтататын бірнеше үшкүндік диета түрлерін ұсынамыз.

Сүт қышқылды диета

Жеміс қосымшаларысыз сүзбе, айран, йогурт әрқашан пайдалы әрі төмен калориялы өнімдер болып саналады. Сондықтан олар арықтаушы әйелдер арасында танымалдылыққа ие. Сүт қышқылды өнімдермен арықтаудың бірнеше әдісі бар. Мысалы, үшкүндік тек айран ішу, тек сүзбе жеу немесе жемістермен араласқан түрі. Алайда 3 күн қатарынан тек айран ішу міндетті емес. Мысалы, таңертең 1 стақан айран ішіңіз, шамалыдан соң 1 алма жеңіз. Түскі асқа майлы емес сүзбе, бестік кезінде йогурт жеңіз. Ал кешкі асқа жеміс салатын жасаңыз. Диета кезінде сүт қышқылды өнімдерден басқа қарапайым суды іше бересіз. Сол кезде үшкүндік диетаны ұстау ауыр болмайды.

Ботқа диетасы

Адамдардың көпшілігі ботқалармен арықтауды жөн көреді. Ботқалармен қарын ашпайды және олар өте пайдалы. Бұл жерде сұлы жармасы, күріш немесе қарақұмық ботқасының қайсысын таңдайтыныңыз және қандай технологиямен дайындайтыныңыз маңызды рөль атқарады. Ботқаның пайдалы заттары оны минимум жылулық өңдеу кезінде жақсы сақталады. Мысалы, қарақұмық ботқасын қайнатудың қажеті жоқ. Оны жақсылап жуып, тазартып, салқын суға бірнеше сағатқа салып қойса болғаны. Содан соң суын төгіп, аздап жылытып жесеңіз болады. Ботқаға май, тұз немесе сүт қосуға болмайды. Ботқаны қанша мөлшерде жесеңіз де өзіңіз білесіз. Әр ботқа жер алдында 30 минут бұрын 1 стақан су ішкен жөн.

Жеміс диетасы

Жеміс диетасының арасында алма диетасы кең тараған. 3 күнге арналған алма диетасы шамамен мынадай:
Таңғы ас: суға қайнатылған 1 жұмыртқа мен 1 стақан алма шырыны;
Ланч: үккіштен өткізілген алма мен сәбізден жасалған салат;
Түскі ас: үккіштен өткізілген алма қосылған сүзбе;
Бестік: 1 стақан алма шырыны;
Кешкі ас: консервідегі тунец, қыздырылып пісірілген алма, грейпфрут және грек жаңғағын зәйтүн майымен араластырып, салат жасау.

А. Жапатова