Диетаны бұзбауға көмектесетін 4 ереже

Диетаны бұзбауға көмектесетін 4 ереже
Фото: Libertatea

Дұрыс тамақтануды ұстанғанда немесе арықтауға арналған диета кезінде шыдамдылық танытпай, оны тоқтатып алатын кездер болады. Әлсіздікті алдап, диетаны бұзбауға көмектесетін 4 ереже ұсынамыз.

1-ереже. «Орнына қойыңыз»

Фитнес мамандары тамақты өзңізден алыс ұстауға кеңес береді. Мысалы, тамақ үстел үстінде емес, ас үй сөресінде немесе тоңазытқышта тұрсын. Егер қандай да бір тағамның кішкене бөлігін жесеңіз, қалғанын бірден көзге көрінбейтін жерге салып қойыңыз. Себебі ол тағы да қосымша үлесін жеуге итермелеп тұрады.

2-ереже. «Алдын ала жоспарлаңыз»

Дұрыс тағам мәзірін алдын ала жоспарлаңыз. Егер жұмыстан келе сала, үйдегі бар азық-түліктен тамақ дайындауға кірісіп кетсеңіз, оның майсыз және басқа да зиянсыз заттан болуы мүмкін емес.

3-ереже. «Өзіңмен бірге ала жүр»

Үйден жұмысқа шығарда тамақ салынған ыдыссыз шықпаңыз. Даладан пайдалы тағам жемейтініңізді есіңізде сақтаңыз.

4-ереже. «Тең жартысына бөліңіз»

Егер асханадан тамақ жеу керек болып қалса, тек жартысын жеңіз. Онымен үйіңізге барып, пайдалы тамақ жеуге дейін шыдауға болады. Егер қарныңыз ашып кетсе, алма жеңіз.

А. Жапатова