Шаш үлгісіне арналған құралдар

Шаш үлгісіне арналған құралдар
Фото: MedAboutMe

Күнделікті шаш үлгісін әркім әртүрлі жолмен жасайды. Біреулер, бұйралауға немесе түзеуге уақыт жұмсаса, басқалары табиғилықты ұнатып, шашын жуған соң, өздігінен кепкенін күтеді. Алайда табиғилықты ұнататын бойжеткендердің өзі арасында шаш үлгісіне арналған құрал қолданады. Шаш үлгісі процесін стайлинг деп атайды.

Шаш үлгісіне арналған құралдарды қажет нәтижесіне қарай бірнеше топқа бөлігу болады:

- Көлем беруге арналған мусс пен балауыз (воск) шаш бұрымдарын бөліп алуға және оларды бекітуге көмектеседі. Оны шаштың түбіне жағу керек;
- Гель шаш жылтырлығы эффектін жасайды. Гельді бас терісіне жабысып тұратын шаштарға жағады;
- Лак аяқтаушы фазасында қолданылады, ол шаш үлгісінің ұзақ тұруына көмектесіп, желден қорғайды. Лакты шашыңыздан 25 см қашықтықта ұстап шашыңыз. Ол кезде бір алақаныңызбен көзіңізді және маңдайыңызды жауып тұруға тырысыңыз.

Стайлингті үйде жасауда мына ережелерді ескеріңіз:

- Стайлингке арналған құралдың бірден екеуінен артығын қолданбаңыз;
-  Егер шашыңыз құрғақ болса, құрамында спирті бар құралдардан бас тартыңыз. Ол әлсіз шаштарды одан әрі құртады;
- Ұштанған шаш кез келген шаш үлгісінің түрін бұзады. Сондықтан әрдайым ұштанған шашты қиып тастаңыз;
- Шаш үлгісіне арналған құрал қолданған күні шашыңызды міндетті түрде жуыңыз.

А. Жапатова