Арықтауға арналған фитнес-би

Арықтауға арналған фитнес-би
Фото: Tim Pole Dance

Сымбатты дене бітімін қаласаңыз, көп және белсенді қозғалыс керек. Адамның дене бітімін шынықтырып, кербез ететін спорттық бағыттың бірі – арықтауға арналған фитнес-би.

Би фитнесі адамның төзімділігін арттырады, оны өмірлік күшпен толтырады және сергек көңіл сыйлайды. Спорттық бағыттың бұл түрі көңіл күйді көтереді, өзіне деген сенімділік тудырады және дене бітімін сымбаттырақ ете түседі. 

Фитнес-би жаттығуының ережесі:

Жаттығуға арналған киім алыңыз. Ол киім спорттық стильде және ыңғайлы болуы керек. Киімнің табиғи «тыныс алатын» материалдан болуын ескеріңіз;
- Кесте бойынша жаттығыңыз. Жаттығуға арналған қолайлы күн тәртібі – аптасына 3 рет минимум 60-80 минуттан жаттығу;
- Жаттығуды тастамауға тырысыңыз;
- Дұрыс би бағытын таңдаңыз. Бұл туралы тәжірибелі жаттықтырушымен кеңесіңіз;
- Жақсы нәтиже болуы үшін би студиясында немесе фитнес клубта топпен жаттыққан жөн.

Арықтауға арналған фитнес-бидің түрлері

Боди-балет. Ол омыртқаны бекітуге және бұлшықеттердің созылуына көмектеседі. Ол жоғары қарқындылықты қажет етпейді. Сондықтан жаңа бастаушыларға жақсы келеді. Боди балеттің жаттығуына бір мысал: алдыңызға арқасы бар орындық қойыңыз. Орындық арқасына аяғыңызды қойып, тізеңізді бүкпеуге тырысыңыз. Содан соң аздап алға қарай еңкейіп, екі қолыңызды жоғары көтеріңіз. Осы жаттығу келесі аяғыңызға да жасаңыз.

Зумба. Бұл билеу фитнесі латын-америкалық ырғақты қозғалыстарына негізделген. Мұндай жаттығу бұлшықеттерді шымыр әрі әдемі ете түседі. Сонымен қатар, зумба жүректі және қантамырларды жаттықтырып, көңіл күйді жақсартады. Зумба жаттығуына бір мысал: әнмен бірге ырғақты жаттығулар. Алдымен екі рет солға, содан соң солай оңға аттайсыз. Бұл жаттығуды 15 рет қайталау керек.

Реггетон. Реггетон – хип-хоптың тармағы. Бұл фитнес-бидің бағыты барлық бұлшықетті қозғалтуға негізделген. 

Рок-н-ролль стиліндегі аэробика. Ол қадамның ерекше түріне негізделген және мұндай аэробикада жүгіріс, секіру және басқа да спорттық қозғалыс элементтерін қолданады.

Фитнес-бидің пайдасы зор болса да, кей жағдайларда оны қолдану ұсынылмайды. Егер сіздің артериялық қысымыңыз жоғары, варикоз, жүрек аурулары, қантамырлар мәселесі болса, фитнес-бимен айналысудың қажеті жоқ. Фитнес-бимен жүктілік кезінде айналысу рұқсат етілмейді.

А. Жапатова