Жұлдыз жорамал бойынша макияж

Жұлдыз жорамал бойынша макияж
Фото: vizaj.info

Ертеден бері әйелдер айналасындағы адамдарға және өзіне ұнау үшін кемшіліктерін жасыруға, артықшылықтарын көрсетуге және сұлулығын айқындауға макияжды пайдаланған. Макияж бен жұлдыз жорамалдың арасында байланыс бар. Әр әйелде өзінің «сұлулық түстері» болады.

Тоқтыға арналған макияж
Мысалы, тоқтылардың ғаламшары – Марс. Марс – соғыс әміршісі және агрессиялық тәңір. Сондықтан тоқтыларға ашық қызыл түсті ерін далабы, қою түсті тушь келеді делінеді. Бұл жағдайда макияж армандары мен мақсаттарына дайын екендігін және күш пен энергияны көрсетеді.

Торпаққа арналған макияж
Торпақтар желді және керемет әйел құдайы Венераға бағынады. Әйел торпақтар сұлулыққа, қымбат сәнді заттар мен көзтартарлық әшекейлерге көп мән береді. Олар ашық реңктерді біртүрлі көріп, өзін олардан алшақ ұстайды. Торпақтар жұмсақ түстерді (сұр, алқызыл, сарғылт, ақ, күміс) ұнатып, барынша табиғи көрінуді қалайды.

Егіздерге арналған макияж
Перламутр косметика мен жылтырақтар егіздерге жараса бермейді. Олар күңгірт реңктер мен қарама қарсы түстерден жасалған макияж таңдағаны жөн. Мысалы, олар қабаққа арналған ақ тень, қабақ қыртысына сұр тень, көзге күлгін түсті қарындаш (подводка), кірпікке қара тушь таңдаса болады. Сол кезде барлық түс бір гаммаға жатады, бірақ бір-бірімен қарама-қарсылық түзейді.

Шаянға арналған макияж
Шаяндар тәжірибе жасап, жаңа зат байқап көргенді ұнатады. Жылтылдақ ақық реңктер оларды еліктіргіш етіп, кез келген бастамасында жолдары болуына көмектеседі.

Арыстанға арналған макияж
Оларды қымбат әрі сәнді заттарға тартады және арыстандар алтын әшекейлерді ұнатады. Сондықтан косметикада да алтын түс олар үшін табысты болуды білдіреді. Арыстандардың болмысын алтын тень мен қызыл түсті ерінге арналған далап жақсы көрсетеді.

Бикешке арналған макияж
Бикештерде туа біткен талғам болады және әр нәрсенің шамасын біледі. Олар өте ұқыпты және сезімтал болып келеді. Бикештерге атлас жылтырақ тень мен румяна, жұмсақ әрі нәзік жарқырау жарасады. Көк, көгілдір, ашық жасыл, көк-жасыл түстер бикештерге арналған.

Жалғасы бар...

А. Жапатова