Шаштың табиғи түсін қалпына келтіретін маскалар

Шаштың табиғи түсін қалпына келтіретін маскалар
Фото: telegraf.com.ua

Сәтсіз шаш бояуын кетіргіңіз келсе, оны қолжетімді ингредиенттермен жүзеге асыруға болады. Табиғи шаш бояуын қайтару үшін салоннан жасалатын процедураны (декопирование) жасамаған жөн. Бұл процедурадан соң көпшілік бойжеткендердің шаштары құртылып қалады. Табиғи шаш түсін қайтаруға арналған үйде жасауға болатын маскаларды ұсынамыз.

Айран. Айрандағы белсенді компонент сүтті қышқыл болып табылады. Ол бояуды жұтып алуымен қатар, шашты бекітеді және бас терісіндегі ұсақ жарықтарды емдейді. Ең жеңіл тәсіл – құрғақ шашқа бөлме температурасына дейін жылытылған майлы айран жағу. Екінші күрделі рецепттен тұратын маска да тиімді. Оны дайындау үшін жарты стақан айранды жылытып, оған 10-15 гр ашытқа, шымшым қант және бір жұмыртқаның сарысын салыңыз. Жылы жерге қойыңыз, «қамыр» көпіре бастағанда құрғақ шашқа жағып, сыртынан целлофан қап киіп, жарты сағат ұстаңыз. Маска үстіңізге ағады, сондықтан иығыңызға ескі сүлгі іліп алыңыз.

Майлар. Майлар шаштың табиғи түсін және шаш құрылымын қалпына келтіруде жақсы нәтиже береді. Майлардан соң қалың шашқа немесе майлы шашқа арналған сусабын қолданыңыз. Бірінші әдіс бойынша, табиғи кокос, зәйтүн, шабдалы, ошаған немесе майсана майын шашқа жағып, целлофан қаптың астында 20-30 минут ұстап, жуып тастау керек. Нәтижесі жылдам болу үшін майды қыздыруға болады. Келесі әдіс бойынша маска жасау үшін жоғарыда айтылған кез келген майдың жарты стақаны және 3 ас қасық ерітілген кілегей майы керек.

Бал. Табиғи бал шаштағы бояуды кетірумен қатар, шашты бекітеді және оны көптеген пайдалы заттармен қамтамасыз етеді. Балды жуылған ылғал шашқа жағып, 2-3 сағаттай ұстайсыз. Нәтиже бірнеше сеанстан соң көрінеді. Алайда толықтай нәтижеге жету үшін кем дегенде 7 күн қатарынан жасаған жөн.

Сода. Соданы пайдалану арқылы сәтсіз бояуды кетіруге арналған екі әдіс бар. Бірінші әдіске қарапайым сусабынның бір жууға арналған үлесі және 1 ас қасық сода керек. Осы екі ингредиентті араластырып, шашыңызды жуыңыз. Екінші әдіс бойынша 1 литр жылы суға 5 ас қасық соданы езіңіз. Сол сумен құрғақ шашыңызды сулаңыз. Ылғал шашты целлофанмен 20 минутқа орап қойыңыз. Содан соң қарапайым сусабынмен жуып тастайсыз.

А. Жапатова