Құрғақ сусабынды қолданудың 5 әдісі

Құрғақ сусабынды қолданудың 5 әдісі
Фото: Pinterest

Кей бойжеткендер уақыт тығыздығы себебінен шаштың майлылығын кетіру үшін құрғақ сусабын қолданады. Төменде оны басқа да жағдайларда қолдануға болатындығын айтып өтеміз.  

Шаштың түсін қорғау. Шашты күнде жуу боялған шаштарға зиянын тигізеді, біріншіден, бояу пигменті кете бастаса, екіншіден бұрым күңгірттеніп кетеді. Мамандардың айтуынша, құрғақ сусабынды қолдансаңыз, шашыңызды жиі жуудың қажеті тумайды. Яғни боялған шаштың түсі де ұзағырақ сақталады.

Шаш түбіне көлем беру. Шаштараз мамандарының көпшілігі жұқа шаштың түбіне көлем беру үшін қарапайым құрғақ сусабын қолданады екен. Көлем беру үшін басыңызды төмен түсіріп, шаштың түбіне құрғақ сусабынды шашасыз. Аздап күтіңіз, содан соң шаштарыңызды саусақтарыңызбен қағасыз.

Өсіп кеткен шаш түбін білдіртпеу. Егер шашыңыз боялған болса, қолайсыз уақытта шашыңыздың аздап өскенін байқап, екі түрлі түсті болып тұрғанын көресіз. Сондай уақытта құрғақ сусабын қолдансаңыз, шаш түсінің жаңаруын байқайсыз.

Шаштың электрленуін азайту. Пластмасса тараққа немесе синтетикалық киімге шаш электрлене бастайды. Құрғақ сусабын «тыңдамайтын» шаштарды басуға көмектеседі.

Шаш үлгісін қатыру. Лактың орнына шашты қатыруға құрғақ сусабынды қолдануға болады. Әрине, ол шаш үлгісін қатты қатырмайды, бірақ оны күнделіктіден гөрі ұзақтау ұстауға көмектеседі.

А. Жапатова