Лимон диетасының пайдасы

Лимон диетасының пайдасы
Фото: WomanMirror.ru

Лимон шырынын жылы суға қосып таңертеңмен аш қарынға ішіңіз. Лимон қышқылы күні бойы зат алмасу үдерісін үдетуге сеп болса, су ағзадағы зиянды заттың барлығын сыртқа шығарады. Сол үшін де күніне 6-8 стақаннан кем емес су ішу керек дейміз.

Диета кезінде бірер рөмке шарап (вино) ішуге болады. Бірақ кофе мен шайдан және газдалған судан, тәтті шырындардан қашық болыңыз.

Қандағы қант құрамын сақтаңыз. Зейініңіз нашарлап, жүйкеңіз жұқаруы, бас ауырып, шаршаңқы күйде жүруіңіз – барлығы да ағзадағы глюкоза мөлшері бұзылғаннан болады.

Сәт сайын протеин қабылдап тұрыңыз. Ол қандағы қант құрамын реттейді.

Күніне бес жеміс (банан мен жүзімнен басқа), көкөніс жеуді әдетке айналдырыңыз. Олар тағамдық құндылығы аз бола тұра дәруменге бай, иммунитетті күшейтіп, гормондар тепе-теңдігін, жүйе жүйесін қалыпты сақтайды.

Пісіріп жатқан тамаққа лимон шырынын сығу арқылы құрамындағы қант мөлшерін 30 пайызға азайтуға болады. Мамандар лимон қабығын салатқа қосуды, ал шырынын сорпаға, тауық пен балыққа тамызуды ұсынады.

Диета кезінде құрамында қант көп тағамдарды пайдаланбаған жөн. Мысалы ақ нан, күріш, картоп,  жүгері қауызы секілді тағамдарды шектеген дұрыс. Кейде жеміс құрамындағы қант та ағзаға кері әсерін беруі мүмкін. Оның орнына тұқым, жаңғақ секілді тағамдар көмектеседі.Тәттілендіргіш өнімдерден де қашыңыз.

Майға қанықпаған тағамдар ағзаға әрі арықтауға пайдасы бар екенін де ұмытпаңыз.Ол қандағы көмірсуларды реттеп, ағзадағы қант пен инсулин деңгейін қалыпқа келтіреді.

Ет, бәліш, печенье секілді өте майлы тағамдар мөлшерін шектеңіз. Оның құрамында пайдалы заттар аз, жай ғана артық салмақ жинауға сеп болады.

Тағамды асықпай, мұқият шайнап жеңіз. Күн сайын белгілі бір уақытта мезгілімен тамақ жеген дұрыс.

Ашуланбаңыз! Кішкене ғана эмоциялық қысым ішек қызметіне бөгет болып, ас дұрыс қорытылмайды.

@. @assel_assanova