Жағымсыз иіс неге кетпейді?

Жағымсыз иіс неге кетпейді?
Фото: metrogyl-denta.ru

Жағымсыз иіс кез келген ортада кездеседі. Бірақ, кейде жағымсыз иістің негізгі көзінен құтылсақ та, ол бірнеше сағат бойына мазамызды алады. Мұның себебін психологтар былайша түсіндіреді:

Айналамыздағы жағымсыз иістер киіміміз бен шашымызға сіңіп қалады. Тіпті, мұрын ішіндегі түктер иісті бойына сақтай алады. Бірақ, тек бұл ғана емес, миымыз да бұған тікелей қатысты. Біздің есте сақтау қабілетіміз ой арқылы иістерді жасап шығарады. Психолог Эйвери Гилберт (Avery Gilbert) өз зерттеулері арқылы адам тіпті ұйықтап жатып та жағымсыз иістен құтылмайтынын айтты.

Одан  құтылу үшін өзге заттардың көмегіне сүйенген дұрыс. Мысалы, жалбыз немесе қарапайым сағыз.

Егер бұл әдіс көмектеспесе, демек, сіздің бойыңызда өзгеріс бар. Мұны медицинада фантосмия деп атайды. Бұл ауруға шалдыққан сәтте адамдар өзгелер сезбейтін иісті сезеді. Ауруға шалдыққандар саны өте аз әрі сирек кездеседі. АҚШ бұл дертпен тек халықтың 1-2 %-ы ғана ауырады. 

Т. Есқали