Бет пен мойын күтімі

Бет пен мойын күтімі
Фото: wallpaperup.com

Бет пен мойын – қыз баланың айнасы. Оның күтіміне міндетті түрде мән беру керек. Мына ережелерді 1 апта бойы сақтап жүрсеңіз, өзгерісті байқайсыз.

1. Үш күн сайын жастықтардың тысын ауыстырып тұрыңыз.

2. Бет және мойынды сүртуге арналған жеке орамалмен сүртініңіз.

3. Үшдеңгейлі бет күтімі: гель, мусс, гидрофильді май. Қажет деп тапсаңыз, тоникпен де сүртіңіз.

4. Бетіңізге қолыңызды тигізбеңіз.

5. Ұйықтар алдында макияжды жуып жатыңыз.

6. Күнде немесе күнара бетіңізге маска жағып тұрыңыз.

7. Түнде көзіңіздің астына май жағыңыз.

8. Қыста да, жазда да күн қорғайтын элементі (SPF) бар май жағып жүріңіз.

9. Күніне 2 литр су ішіңіз.

10. 8 сағаттан артық ұйықтамаңыз.

11. Жағдай болса, косметолог көмегіне жүгініп тұрыңыз.

Г. Берік