Жеңіл буыңызбен!

Жеңіл буыңызбен!

Қиындықтарды ұмытып, рахаттанып дем алғыңыз келсе, ваннаға түсіңіз. Ыстық суға толы ваннаның әсерін күшейту үшін оған тағы не қосуға болады?

Теңіз тұзы

 

Жасарту қасиетіне ие, целлюлитпен күреседі. Көп терлейтін болсаңыз - теңіз тұзы сізге арналған. Сонымен қатар, теңіз тұзы терінің иілгіштігін жоғарылатып, тырнақтарды қатайтады. Теңіз тұзы қосылған ваннаны аптасына 2 реттен жиірек қабылдамаған жөн.

Ас содасы

Ас содасы қосылған ваннаға түсуді әдетке айналдырған қыздар бұл шара артық салмақ тастауда жақсы көмекші екенін атап көрсетеді. Ыстық суға 200 г соданы қосып, осы ваннада 20 минут жатсаңыз, ауыр күннен шаршағаныңыз да кетеді.

Сүт

 

Сүт құрамында терінің иілгіштігін жоғарылатып, жасартатын дәрумендер топтамасы бар.  Ыстық ваннаға 1 литр жылы сүт қосып, рахаттана беріңіз.

Лаванда

Ваннаға лаванда шәйінің қалташасын малып не лавандалық майдың бірнеше тамшысын тамызсаңыз болады. Осындай жұпар иісті ванна бас ауруынан құтқарып, теріге жақсы әсер етеді.

Эфир майлары

 

Ауыр жұмыс күнінен кейін қайта күш жинау үшін, лимон не мандарин эфир майы қосылған ванна қабылдаңыз. 7-9 тамшы жеткілікті болады. 15-20 минуттық шарадан кейін жылы орамалға оранып, тағы біраз отыра тұруға болады.

Бал

 

Бал теріні ылғалдандырып, жұмсарта алатын бірден-бір құрал. Табиғаттың берген бұл сыйы терідегі жырықтарды емдей алады. Стақанда екі қасық балды суға араластырып, ваннаға қосыңыз. Теріңіз тәтті балдан жабысып тұрса, артынан душ қабылдасаңыз да болады.

Ал сіз ваннаға не қосасыз?

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: vos.lavoz.com.ar

С. А