Душтан кейінгі дене күтімі

Душтан кейінгі дене күтімі
Фото: O-vannoy.ru

Душтан шыққан соң денеге арнайы күтім қажет. Ол үшін қандай құралдарды қолданамыз?

1. Денеге арналған сүт майы. Оны ылғал теріге жағамыз. Тез сіңеді. 2-3 күнде бір рет душқа түскеннен кейін қолдануға болады.

2.  Ылғалдандыратын лосьон. Ол денеге бірден сіңбейді. Теріңіз майлы болса, лосьон қолданғаныңыз дұрыс. Денеге арналған сүт майынан ерекшелігі лосьонның құрамында қосымша қажетті заттар бар. Олар бактерияға қарсы тұрып, күн сәулесінен қорғайды. Таңертең душ қабылдаған соң тұтыныңыз. 

3. Денеге жағатын крем. Теріні жақсы ылғалдандырғанымен, тұтас сіңе алмайды. Кремді көп жағуға болмайды, ол тері тесігін бітеп тастауы мүмкін. Құралды күндіз де, түнде де жағасыз. 

4. Май. Денеге арналған май. Теріні ылғалдандырып, қоректендіреді. Барлық тері түріне бірдей қолдануға болады. 

5. Денеге арналған ылғалдандыратын спрей. Оның күні бойына сақталатын жағымды иісі бар. Күн ыстықта душ қабылдаған соң қолданған дұрыс. Бірақ құрғақ теріге жақпайды. 

6. Денеге арналған мусс. Түрі йогуртқа ұқсайды. Спрейге қарағанда жақсы ылғалдандырады, күндіз қолдануға арналған. Бірақ оған қарағанда теріні крем жақсы қоректендіреді. 

М. Оңғарова