Шаш күтімінің ережелері

Шаш күтімінің ережелері
Фото: headtotoessalon.com

Шаң-тозаңнан кірлеп, тез майланатын шашты белгілі бір уақыт аралығында сумен сабындап жуу арқылы құрғатуға болады. Шашымыз ғана емес, бас терісіне де жағылатындай етіп сабынды көпірткен жөн. Артынша бірнеше мәрте жақсылап шаю керек.

Сабын кермек суда дұрыс көпірмей, шашта ақ-сұр түсті болып қалып қояды. Ал кермек суды жұмсарту үшін қайнату барысында мүсәтір спиртін қосу керек. 1 литр суға ½ шай қасық немесе 1 литр суға 1 шай қасық ас содасын, бураны қосуға болады. Ал қатты майланбайтын шаш үшін түрлі отбасылық, жұмыртқа қосылған сусабындарды, хош иісті сабындарды пайдалана беруге болады. Кір сабынның құрамында сілті көп болатындықтан, бас терісін жыбырлатуы мүмкін.

Балалар сабынын, жұмыртқа қосылған сусабын және «Қызыл мак» сынды құралдарды құрғақ шашты жууға пайдалануға болады. Шашты жумастан бір тәулік бұрын майлап алу керек. Ол үшін 40 грамм үпілмәлік майы мен 60 грамм вазелин майын, 4-5 грамм керосинді өзара араластыру керек. Дайын болған қоспаны тараққа мақтамен жағамыз. Артынша шашымызды тараймыз. Осылайша қайызғақты да кетіруге болады. Құрғақ шашты қалыпқа келтіру үшін 3-4 аптада бір рет жылы сумен жуу керек. Жұмыртқа сарыуызымен сабынсыз жууға болады. Ол үшін бір стақан суға 2 жұмыртқаның сарыуызын саламыз. Артынша жақсылап жуамыз. Сабынның орнына ашыған сүтті де пайдалануға болады.

Г. Берік