Сұлулық сырлары

Сұлулық сырлары

1. Бет әлпетіңізді мезгілдің өзгеріне байланысты күту қажет. Қыс мезгілде жақсы  ылғалдандыратын өнімдерді, ал жаз мезгілінде SPF- фильтрлі құралдарын қолдану қажет.

2. Жазда косметиканы аз қолданыңыз. Жеңіл әрі ылғалдандырушы тоналка немесе BB-кремді жағуға тырысыңыз.

3. Крем, маска және басқа да құралдарын бет терісіне массаж сызықтары арқылы жаққан жөн. Себебі бет әлпетіңіз екі түрлі әсер алады: күтім + массаж.

4. Безеуді сығуға болмайды. Себебі оын сыққан сайын оның бет терісіндегі орны ерекше байқалады.

5. Егер бет терісіне қатты байқалатын қызыл безеу шықса, байбалам салуыдың қажеті жоқ. Мақталы дискті көзге (қызуын басатын) арналған тамшымен сулап, оны мұздатқышқа 3-5 минутқа қойыңыз. Мұздатқыштан алғаннан кейін, бет терісіндегі қызарған аймаққа дискті басыңыз. Нәтижесінде безеудің бар екені аса байқала қоймайды.

6. Безеуді жасыру үшін тіс пастасын да қолдануға болады. Бөртіп тұрған аймаққа тіс пастасын жағып, оны кептіріңіз. Нәтижесінде безеу бозарып кетеді.

7. Бронзер, хайлайтер және еңлікті (румяна) көп жағудан аулақ болыңыз. Оларды аз мөлшерде жақсаңыз, дұрыс көрінеді. Әйтпесе, қуыршаққа ұқсап кетуіңіз әбден мүмкін.

8. Тоналды кремнің ең жақсы рек түрін таңдау үшін, кремді иек сызығына жағып, күндізгі жарық түсіп тұрған кезде, қай түрі сіздің бет әлпетіңізге келетінін анықтап алыңыз.

9. Бет әлпетіңізге тоналды кремді жаға отыра, оны мойныңызға да жағуды ұмытпаңыз.

10. мынаны еске сақтап алыңыз: алдымен тоналыд крем, сосын корректор жағу қажет. Керісінше жағуға болмайды.

11. Көздің астындағы дақты жасыру үшін, корректордың көмегімен үшбұрыш сызып, оны ақырындап жағыңыз.

А. Оралқызы