Фитнеске жиі барасыз ба?

Фитнеске жиі барасыз ба?
Фото: Never Give Up

Фитнес дегеніміз не? Сіз оған жиі барасыз ба?

Бүгінгі таңда өзіңді жақсы қалыпта ұстайтын сәнді бағыттардың бірі – фитнес. Ағылшын тілінен аударғанда "to be fit" жақсы қалыпта болу, сәйкес болу деген мағынаны білдіреді. Алғашқы отаны АҚШ болып табылады. Онымен ер-азаматтар да, әйелдер де айналысады. Үздіксіз қозғалысты қажет ететін спорттың бұл түрінің денсаулыққа пайдасы зор. Көптеген аурудың алдын алғанымен қоймай, сымбатты мүсін қалыптастыруға септігі мол. Дегенмен, кез келген адам дұрыс таңдалған диетаға, астасқан физикалық дайындыққа, сергектікке бой үйретіп алуы керек. Фитнес-тренинг бойынша бір ай ішінде бұлшық еттің нығайғанын , май қабаты мөлшерінің кемігенін және дене үйлесімінің өзгергенін бірден байқай аламыз.

Күш қажет ететін аэробика – фитнесті жаңадан бастап жүргендерге тамаша жаттығу. Күрделі хореографиялық қимылдарды қажет етпейді. шағын штангілерді көтеру арқылы жүзеге асады. Жаттығулар тез жиілікпен және қарқынды әуен ырғағымен орындалады. Сығымдап көтеру, отырып-тұру және еңкею қозғалыстары орындалады.

Слайд-аэробика – Арнайы аяқ киіммен ерекше ламинатпен  қапталған тақтай бойымен бір шетінен екінші шетіне дейін сырғанайсың. Қимылдар коньки тебуді еске түсіреді.

Фит-бол – көлемдері әртүрлі доптармен орындалатын аэробика. Доп үстіне отырып немесе жатып, келбетті дұрыстауға, иілгішті дамытуға,қозғалыс үйлесімін жақсартуға және мүсінді түзетуге болады.

Аквааэробика – Су кедергісіне қарсы тұруға тұруға негізделген хауызда жүзеге асырылатын жаттығулар кешені. Оған арнайы белбеулер, ескектер, тақтайшалар бар. 

Би аэробикасы – Латынамерикалық билердің  хореографиясына негізделген. Билеу арқылы аяқ,жамбас, пресс бұлшық еттеріне күш түседі. Артық салмақтан арылуға болады.

Тай-бо – Шығыс жекпе-жек өнер тәсілдерінің элементтерінен тұрады. Қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін меңгеруіңізге болады.

Көше биі – әр бидің қозғалысы денеге әрқалай әсер етеді. Балет билейтіндер сұңғақ,иығы түзу,ұқыпты да жинақы болып келеді. Сол секілді көше биі де дәстүрлі түрде дамып, қолданысы артып келеді.

 

Ә. Жутаева