Шаштарды күтудегі 10 қателік

Шаштарды күтудегі 10 қателік

Жылтыраған, сусылдаған, жұмсақ шаштар әрбір арудың арманы. Соған жету үшін біз күнделікті шаш жууда қандай қателіктер жіберіп жүрміз?

1. Шаш типіне және бастың терісіне сәйкес келмейтін сусабынмен шаш жуу. Нәзік, әлсіреген, зақымданған шаштарды қарқынды құнарландырып, қайта қалпына келтіру қажет. Шаштың түбі майлана берсе – май бездерінің жұмысын реттеу керек. Егер қайызғақты кетіре алмай жүрсеңіз, арнайы емдік құрылғы сатып алған жөн. «Барлық типтерге арналған» деген сусабындар мен кондиционерлер әдетте дұрыс жумайды немесе құнарлы элементтері аз болғандықтан, шашты әлсіретіп жібереді.

2. Ұзақ уақыт бір ғана сусабынды қолдану. 2 ай сайын сусабын, маска, кондиционерлердің маркасын немесе сериясын ауыстырып отыру қажет.

3. Шаш күтіміне арналған сусабынды жыл бойы өзгертпеу. Жаз мезгілінде күннің әсерінен қорғайтын UV-фильтрлі сусабындарды пайдаланған жөн. Сонымен қатар жазда қосымша ылғалдандыратын спрейлерді пайдаланыңыз. Құрғақ шаштарға күніне 3-4 рет сеуіп қойып, жүре бересіз. Қыста шаштарды қарқынды құнарландырып, қалпына келтіруге күш салу керек. Ал егер күні бойы жылытқыш пен кондиционерлердің астында отырсаңыз, шашқа арналған дымқылдатқышты қыста та бірге алып жүрген дұрыс.

4. Шаш сау, әдемі болса да, бальзам, маска, кондиционерлерді көп пайдалану. Сусабын шашты тазартып, келесі процедураларға дайындайды. Кондиционерлер мен бальзамдар шашты жұмсартып, жылтыратып, оңай таралуын қамтамасыз етеді. Мұндай құрылғыларды әр шаш жуған сайын пайдалану керек. Маска шаш пен оның түбін қарқынды құнарландыруға арналған. Оны 7-10 күнде 1 рет жағу да жеткілікті.

5. Шашты ағып тұрған құбыр суында жуу. Бұдан шаштың ұштары түсе бастайды. Оданда суға 2 үлкен қасық 70% сірке суын қосып, легенде жуған жақсы. Бұл құбыр суын жұмсартады. Судың температурасы қатты ыссы болмауы қажет, әйтпегенде шаштың түбі тез майланып кетеді.

6. Дымқыл шашты тарау. Жаңа ғана жуылған шаш тез сынғыш келеді. Оны тараған кезде шаштар жұқарып, тез түседі. Шашты біраз кепкен соң ұшынан бастап, абайлап тараған дұрыс.

7. Моншаға арнайы бас киімсіз түсу. Моншаға кірерде ыстық температурадан қорғайтын арнайы бас киім киіп алу керек.

8. Фен, бигуди, шашты тегістеуге арналған үтіктерді жиі пайдалану. Бұл құрылғыларды күнделікті пайдалану шашыңызға зақым тигізбей қоймайды.

9. Шашты жылына 1 рет қию. Егер шашыңыз айына бір рет қиюды талап етпесе де, 4-6 аптада шаштарыңыздың ұштарын тегістеп, жаңартып отыру өте қажет. Бұдан шаштарыңыз ұзындығын жоғалтпайды, керісінше тез өсетін болады.

10. Шашты резенкемен, қыстырғышпен қатты түйіп, байлау, қатты қысып тұратын бас киімдерді кию. Бұл шаштардың сынғыштығына, құрылымының бұзылуына, артық май шығаруына ықпал етеді.

Суреттер: feminastyle.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina