17 жастағы студент қыз "Алматы аруы – 2016" атанды

17 жастағы студент қыз "Алматы аруы – 2016" атанды
Фото: tengrinews.kz

Эстрада-Цирк колледжінің 17 жастағы студенті Кәмила Асылова "Алматы аруы – 2016" болды. Сұлулық байқауы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өтті, онда финалға шыққан 20 қыз "Алматы аруы – 2016" атағына таласты.

Сұлулық байқауы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өтті, онда финалға шыққан 20 қыз "Алматы аруы-2016" атағына таласты.

Ал бірінші вице-ару Айдана Әлиева болды. Екінші вице-ару атағын Лаура Ысмаилова жеңіп алды. Үшінші вице-ару - Адема Алмаз. "Суперстар ару" аталымында Адема Нұрғали жеңді. "Алматы аруы - 2016" байқауында халық дауыс берді, оның қорытындысында Валентина Черкашина жеңіппаз атанды. Ол "Халық таңдаған ару" атанды. Адема Алмаз болса "Ерекше ару" аталымында жеңіп шықты. Өз кезегінде "Универсиада аруы" аталымында Владислава Лизова жеңді.

Айта кетейік, 2015 жылдан бастап "Алматы аруы" Қазақстанның намысын "Дүние жүзі аруы" халықаралық байқауында қорғауға мүмкіндік алады. 2016 жылы бұл байқау Филиппинде өтеді. Бұл байқауға "Алматы аруы-2015" атанған Регина Вальтер барады. Ал "Әлем аруы" халықаралық байқауына Әлия Мергембаева барады. Ол - "Қазақстан аруы-2015".

Дереккөз: tengrinews.kz

Г. Берік