Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Жаз мезгіліндегі аяқ күтімі

Жаз мезгіліндегі аяқ күтімі

Жаз мезгіліндегі аяқ күтімі

Аяқ күтімі қыздардың нәзіктігін көрсетеді. Әсіресе, жаз уақытында ашық аяқ киім киіп жүретіндіктен, аяқ күтімді болғаны жақсы. Ол көп күш қажет етпейді немесе сән салондарына барып, арнайы күтім жасаудың да қажеті жоқ. Үйде отырып-ақ аяғыңызға күтім жасай аласыз.

Шұлық. Жаз мезгілінде көпшілігіміз шұлық кие алмаймыз. Негізінде, шұлықты тоңбау үшін емес, зиянды заттардан қорғау үшін киген дұрыс. Жұқа шұлықтар өкшенің бүлінуінен, табанға үшкір нәрсенің кіруінен қорғайды.

Ванна. Кішкентай табақшаға жылы су құйып, оған сәл-пәл теңіз тұзын қосыңыз. Аяғыңызды малып біраз отырыңыз. Егер су суып бара жатса, аз-кем ыстық су құйып қойыңыз. Егер өкшеңіз нәзік болса, табан қыратын құралдармен қинаудың қажеті жоқ. Сабынмен жайлап ысып жуған абзал. Тағы бір әдісі: жылы суға жалбыз немесе қалақай жапырақтарын қосып жууға болады.

Егеу. Аяқты жуған соң, тырнақ егеуішпен егеңіз. Негізінде, егеуіштің әйнек түрі жақсы көмектеседі. Тырнақтың ұшынан емес, жанынан бастап ұшына қарай егеңіз. Есіңізде болсын, егеу кезінде тері де, егеуіш те құрғақ болуы керек. Бұл әдісті аптасына 2 рет жасап тұрыңыз.

Педикюрге арналған шұлық. Арнайы құраммен дайындалған шұлықты киіп алып, шамамен бір сағат күтесіз. Кейін аяқта қалған ерітіндіні жылы сумен шайып тастайсыз. Біраз күннен кейін нәтижесі біліне бастайды. Аяқ терісінің өлі терілері алынып, өкшенің де әдемілігі сақталады.

Скраб. Скраб өкшенің ұзақ уақыт бойы жақсы қалпын сақтауға көмектеседі. Сатылымдағы аяққа арналған скрабтар көбіне үмітті ақтамайды. Одан да өз қолыңызбен жасап көріңіз. Ол үшін сізге теңіз тұзы мен ұсақталған кофе және өсімдік майы қажет. Екі ас қасық теңіз тұзын немесе кофені бес ас қасық өсімдік майымен араластырсаңыз, скраб дайын. Егер аяғыңыз терлей беретін болса немесе жағымсыз иіс шығатын болса, эфир майына жалбыз, лимон немезе розмарин, самырсын жапырақтарын қосып, аяғыңызға жағыңыз. Соңғы қоспа көпке дейін сақталмауы мүмкін, сондықтан аяқты жуған сайын шағын етіп жасап тұрған артық етпейді.

Нәрлендіру. Аяққа арналған крем ешқашан артық еткен емес, жаз болсын, қыс болсын, әр уақытта жаға беруге болады. Аяқты жуып болған соң, кептіріп, крем жағып қойыңыз. Құрамына ментол не жалбыз қосылған крем аяқтың шаршағанын басады.

Фото: wtvr.com
Қосылған күні: 13 шілде 2016, 19:06

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.