Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Әйел энергиясы тыныштықта толысады

Әйел энергиясы тыныштықта толысады

Әйел энергиясы тыныштықта толысады

Әйел энергиясы тыныштықта толысып, күшейеді, ал еркектердікі – қозғалыста. Заманауи өмір ағымы әйелдерді әрдайым қозғалыста болуға итермелейді: таңертең жұмысқа асығады, жұмыста құжаттармен әрлі-берлі жүгіреді, тіпті үйге келгенде де тезірек тамақ жасауға асығады. Күні бойы осындай қозғалыста жүріп, қалайша энергиясын арттырмақ?

Әйел энергиясы тек тыныштықта толысады. Және әйел адамның басты мақсаты – ырғақты тіршілікке, байсалды өмір салтына үйрену. Міндеттеріңіздің жартысын жолдасыңызға, әріптесіңізге, басқа біреуге бөліп беруге тырысыңыз, арқаңызға бірнеше жұмысты арта бермеңіз.

Күнде жай тыныш жатуға, демалуға, толысуға отыз минутыңызды арнаңыз. Эфир майларымен ванна қабылдасаңыз болады, тыныштандыратын музыка тыңдап, массаж алсаңыз болады. Бірақ бұл энергия арта түссін десеңіз, күнделікті жасап тұруыңыз қажет. Бұл сіздің күнделікті салтыңызға айналсын.

Өміріңіздің ырғағын бәсендетіңіз, жүгіріп, әбігерге түсуді қойыңыз. Әрбір сөзіңіздің, ісіңіздің, қимылыңыздың зердесіне жетіп, ойланып, баяу сөйлеуге тырысыңыз.  Таңертең оятқыш шырылдай салысымен атып тұрмаңыз, жаңа күннің энергиясына бейімделе асықпай тұрыңыз. Егер күні бойы қайта жүгіріп жүргеніңізді байқасаңыз, қимыл-қозғалысыңызды бәсеңдетіп, терең демалып, жайлылық пен жеңілдікті қайта қалпына келтіріңіз.

Біртіндеп бойыңыздан шығатын әйел энергиясы өміріңіздің барлық саласын қаптып, күшейіп, тарала бастайды. Бұл сіздің сұлулығыңызды екі еселендіріп, ағзаңызды жасартып, жан-дүниеңізді тыныштыққа бөлейді.

Сурет: zoj.kz

Дайындаған: Анар Мұстафина

1413 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 22 тамыз 2012, 14:43
Пікірлер
+0
22 тамыз 2012, 15:37

қазір майысып, баяу сөйлеп, сызылып жүретін кез емес

+0
22 тамыз 2012, 16:07

Мәселе сызылғанда емес, ырғақты тіршілікке өзіңді баулуда. Асығыс жүремін деп әйел өз биязылығы мен әйелдік табиғи сұлулығынан ажырай бастайды.

+0
22 тамыз 2012, 22:22

Абстрактылы ұғымдардан әйелге қажеттісінің ең қарапайымы: ұйқы және тыныштық.

+0
23 тамыз 2012, 01:10

керемет! тыныштықты жаным сүйеді..мен қозғалу керек дегенге тынбай жүрсем))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...