Сұлулыққа қарсы 5 тыйым

Сұлулыққа қарсы 5 тыйым

Әйел әдемілігі оның тонналап жаққан макияжында емес. Оның қаншалықты өз-өзін күтіп ұстайтынындығында, ұқыптылығы мен әдептілігінде.

Күтілмеген қастар
Күтілмеген қастар сырт көзге өте сұрықсыз көрінеді. Кейбір қыздар қастарды жиі жұлып, күтіп ұстау керектігін мүлде ұмытып кетіп жатады. Есесіне қабаққа тонналап бояу жаққаннан тайсалмайды. Әдеміше терілген, күтілген қас жанарыңызды ешқандай макияжсыз да аша алады! Ал қасқа жағылған бояу назарды күтілмеген қастарыңызға сала бермек.

Ауыздан жағымсыз иіс
Аузыңыздан шығатын жағымсыз иіс ажарыңызды бір мезетте түнертеді. Бұл проблемадан арылу үшін демді тазартатын түрлі спрейлер көмекке келеді. Бірақ сағыз шайнаумен қатты әуестенбеңіз, сырт көзге тартымсыз көрінеді. Және міндетті түрде тіс дәрігеріне жазылыңыз, бәлкім бұл тіс аурулардан пайда болған шығар. Ал әдемілік пен ауру тістер еш тоғыспайды.

Күтілмеген тырнақтар
Қыздардың тырнақтары лакпен боялған болсын, болмасын, бірақ әрдайым күтілген болуы керек. Түрлі-түсті маникюр қолдансаңыз оны әрдайым жаңартып тұруды ұмытпаңыз, әсіресе ашық түсті бояуларды. Жартылай өшкен лак сырт көзге өте жаман көрінеді. Сондықтан маникюр бар жағынан мінсіз болуы керек немесе мүлде болмағаны жөн.

Тікенек аяқтар
Әрдайым эпиляция жасап жүріңіз. Адамдарды тікенек аяқтарыңызбен шошытып алмаңыз, қыздардың аяғы жылтыр, тегіс болуы қажет. Бүгінде аяқтағы шаштарды кетіретін түрлі құрылғылар бар ғой: ұстара, арнайы крем, эпилятор, воск және т.б. Тек қана өз-өзіңді күтіп ұстауға деген ықыласыңыз болса болғаны.

Сурет: beauty.passion.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina