Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Бетті ағартудың жолдары

Бетті ағартудың жолдары

Бетті ағартудың жолдары

Бет терісіндегі пигментті дақтар – көптеген қыз-келіншектің басты мәселелерінің бірі. Сондықтан арулар дақтан арылудың жолдарын қарастырып, бетіне түрлі маскалар жасап, кремдер жағатыны да сөзсіз. Ал көп жағдайда олардың нәтижесі көңіл қуанта бермейді. Сондықтан маскалардың да үздігін таңдау керек.

Пигментті дақтардың пайда болу себептері де әртүрлі: гормональді өзгерістер, жүктілік, күн сәулесінің әсері, антибиотиктер қабылдау салдары, сапасыз косметика және тағы басқа.

Картоптан дайындалатын ағартушы маска, сонымен қатар, бет терісін жұмсартып, безеулердің алдын алады. Ал оның әсерін жақсарту үшін өзге де ингредиенттермен толықтыруға болады. Бұл масканың пайдасы, қолдануы жөнінде  Кәмшат Жолдыбаева да бөліскен болатын.

Лимон шырыны қосылған картоп маскасы

Тазартылған картопты үккіштің ұсақ көзінен өткізіңіз. Суын сығып тастап, картопқа 1 ас қасық лимон шырынын қосыңыз. Жақсылап араластырып, масканы бетке жағыңыз. 15 минуттан кейін жылы сумен жуыңыз.

Сәбіз қосылған картоп маскасы

Тазартылған картоп пен кішігірім сәбізді үккіштің ұсақ көзінен өткізіңіз. Картоптың суын сығып, бөлек ыдысқа құйыңыз. Картопты сәбізбен араластырыңыз. Дайын қоспаны бетке жағыңыз. Бөлек ыдысқа құйып алған картоп шырынына салфетканы малып алып, масканың бетіне жабыңыз. 25 минуттан кейін салқын сумен жуыңыз.

Пияз шырыны қосылған картоп маскасы

Тазартылған картопты үккіштің ұсақ көзінен өткізіңіз. Суын сығып тастаңыз. Дәл сол секілді орташа пияздың ½-ін ұсақ көзді үккіштен өткізіп, шырынын сүзіп алыңыз. Бұл шырынды картоппен араластырып, бетке жағу керек. Бетіңізді 10 минуттан соң жылы сумен жуыңыз. Егер бұл масканы бетке жаққанда қандай да бір жайсыздықты (қышу, ашу, қызару) сезінсеңіз, бірден бетті жуғаныңыз жөн.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: Марина Дёмина
Қосылған күні: 28 наурыз 2016, 15:27

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->