Артық салмаққа бейімсіз бе? (Тест)

Артық салмаққа бейімсіз бе? (Тест)
Фото: yarmama.com

1. Әріптесіңіз әдеттегіше тәтті нанмен шәй ішуге шақырды. Дәмнен бас тартуға дәрменіңіз жете ме? 
Жоқ – 2; Иә – 1; Білмеймін – 0. 

2. Кәмпит қорабы шкафыңызда бірнеше ай бойы сақталуы мүмкін бе? 
Жоқ– 2; Иә– 1; Кейде – 0. 

3. Іскерлік жиналыстың қызған шағында сізге сүйікті тағамдарыңыз жайлы ой келе ме? 
Жоқ– 1; Иә– 2; Кейде– 0. 

4. Сұлу дене мүсіні үшін жұмысқа барар жолдың жартысын жаяу жүре аласыз ба? 
Жоқ– 2; Иә– 1; Мүмкін – 0. 

5. Өнімдердің заттаңбасынан оның құрамы жайлы жиі оқисыз ба? 
Жоқ– 1; Иә– 2; Кейде– 0. 

Ұпайларыңызды жинақтап, қорытынды санды анықтаңыз. 

5 ұпайдан төмен. Ұяң, өзіне сенімсіздеу жансыз. Сізге әріптестеріңіздің ықпалынан және шаңырақтағы ас ішу ережелерінен бас тарту қиын. Егер айналаңыздағы адамдар көп тамақ жеп, майлы ас ішсе, сіз де салмақ қосасыз. Ойланыңыз. Бәлкім, белсенді өмір сүріп, бассейнге не серуенге шақыратын құрбылармен достасқан жөн шығар? 

5–7 ұпай. Өзіңізді қалай күту керегін білесіз және бұл әрқашан қолыңыздан келеді. Бірақ кейде арқаны кеңге салатын кездеріңіз болады. Ең қауіпті кезеңдер – күз және қыс, сондықтан абай болыңыз!

8–10 ұпай. Не табиғаттан дене сымбатыңыз керемет, не сыртқы келбетіңіз сізді қызықтырмайды. Алайда, орынсыз тамақтану және отырықшыл өмір тәртібі дене бітіміңізге ғана емес, денсаулығыңызға да зиян келтіруі мүмкін. 10-15 жыл өткен соң, не боларын ойлаңыз. Салауатты өмір салтына аяқ басуға кеңес береміз. 

Дереккөз: anabol.kz

Г. Берік