Шаш шаятын сұйықтық дайындайық

Шаш шаятын сұйықтық дайындайық
Фото: massaget.kz

Үй жағдайында шашқа күтім жасау жолдары өте көп. Бүгінгі материалда шаш шаятын сұйықтық (ополаскиватель) дайындауды көрсетеміз. Бұл сұйықтықты дайындау жеңіл әрі қолжетімді. Оны дайындау үшін алма мен су ғана қажет.

 2-3 алманы жуып тазартып аламыз.

 Алманың қабығын ашамыз.

 Алманың қабығын ыдысқа салып, оған 1 л ыстық су құямыз.

 Ыдысты отқа қойып, қайнаған соң отта 5 минуттай ұстаңыз. 

Ыдысты оттан түсірген соң 15-25 минут аздап суығанша күтіңіз. Содан соң ішіндегі қабықтарды сығып алып тастаңыз. Сұйықтықты басқа ыдысқа құйып алыңыз. Жуылған шашты осы дайындаған сұйықтықпен шайыңыз.

Бұл сұйықтықпен шайған соң, шашыңыз тез таралады. Ол шашты жылтырап, жібектей жұмсақ болуына көмектеседі. Ескере кететін жайт, алма таңдауда үй бақшасында өскен алма болғаны дұрыс. Себебі үйдің алмасы дәрумендерге толы болады. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін уақытылы бірнеше рет қолдану қажет екенін ұмытпайық.

Әрдайым өзіңізге күтім жасап, өзіңізді сүйіңіз. Қазақтың әр қызы сұлу болуы тиіс.

А. Жапатова