Айдын Айымбетов пен Александр Винокуров "Қазақстан аруын" таңдайды

Айдын Айымбетов пен Александр Винокуров "Қазақстан аруын" таңдайды
Фото: tengrinews

"Қазақстан аруы-2015" сұлулық байқауының ұйымдастырушылары әділ қазылар құрамын жариялады.

Әділ қазылар алқасының құрамында: ғарышкер Айдын Айымбетов, велошабандоз, олимпиада чемпионы Александр Винокуров, "Астана жастары" басшысы Әнуар Нұрпейісов, Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаева, қоғам қайраткері Аружан Саин, актриса Әсел Сағатова, "Астана" ФК бас менеджері Қайсар Бекенов, "Алтын Орда" авторлық дизайн үйінің этно-дизайнері Ырза Тұрсынзада, "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының президенті Алена Ривлина-Қырбасова бар.

2014 жылдан бері әділ қазылар алқасы Қазақстанның ең көрікті үш қызын таңдап келеді. Ал гранд-финалда көрермендер sms-дауыс беру арқылы жеңімпазды анықтайды. "Қазақстан аруы-2015" ұлттық байқауы 10 желтоқсанда елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

Биыл байқауға әр өңірден 30 ару қатысады. Олардың бесеуі мектеп оқушысы. "Қазақстан аруы-2015" байқауының жүлде қоры − 5 миллион теңге.


Дереккөз: tengrinews 

С. Ерсін