Тырнақты қатайтудың жолдары

Тырнақты қатайтудың жолдары
Фото: woplan.net

Тырнақты қатайтудың жолы көп. Бірі маймен емдесе, бірі тұздың көмегіне жүгінеді. Назарларыңызға бірнеше әдісті ұсынамыз, солардың бірін таңдап, маска жасауыңызға болады.

Тұз

1 ас қасық теңіз тұзын 1 стақан жылы суға салып, араластырыңыз. Тырнақты салып, 10 минуттан кейін қағазбен құрғатыңыз. Міндетті түрде қолға арналған кез келген майлы иісмай жағып, жұмсартыңыз.

Теңіз тұзы болмаса, ас тұзын пайдалануға болады. Ондай жағдайда тырнақты 10-15 минут суда ұстау керек.

Май

0,25 стақан өсімдік майын қыздырып алып, 0,25 стақан алма сіркесуын қосып, бір тектес қалың қоспа болғанынша араластырыңыз. Тырнақты қоспаға салып, 10 минуттан кейін қағазбен сүртіп, құрғатыңыз.

Йод пен апельсин

1/3 стақан суды қыздырып, 2 шай қасық тұз салып, араластырыңыз. Оған 3-4 тамшы йод пен 1/3 стақан апельсин шырынын (өзіңіз дайындаған) қосып, бір тектес қоспа болғанынша көпіршітіп, араластыру керек. Тырнақты салып, 5-10 минуттан кейін құрғатып сүртіңіз. Міндетті түрде кез келген нәрлендіруші иісмай жағыңыз.

Йод пен тұз

1 стақан суды қыздырып, 3 ас қасық тұз салып, ерітіңіз. Қоспаға 1 шай қасық 5 пайыздық йод тұнбасын қосып, араластырыңыз. Тырнақты салып, 10-15 минуттан кейін жуып тастаңыз.

Йод пен май

1 стақан суға 5 пайыздық йод тұнбасының 1 шай қасығын салып, араластырыңыз. Оған 2 ас қасық өсімдік майын қосып, бір тектес қоспа болғанынша араластырыңыз. Тырнақты 10-15 минут ұстап, қағазбен құрғатыңыз.

Май мен тұз

1/3 стақан өсімдік майын қыздырып, тұз қосыңыз. Қоспаны жақсылап араластырған соң тырнақты салып, 15-20 минут ұстаңыз. Содан соң қолыңызға мақтадан жасалған қолғап киіп, 3 сағаттан кейін жылы сумен жуыныңыз.

Ф. Абилова