Шаштың түсуін тоқтататын қоспа

Шаштың түсуін тоқтататын қоспа
Фото: pomada-online.ru

Егер шашыңыз тараған сайын уыстап түсетін болса, арнайы күтім жасауыңыз керек. Ол үшін маска дайындап көріңіз.

Жасау үшін:

1 қасық майсана майы;
1 қасық пияз шырыны;
1 қасық қабықты бұрыштың тұнбасы;
1 қасық бал;
1 қасық коньяк;
1 жұмыртқа сарысы керек.

Қасықтың көлемі шашыңыздың қалыңдығына байланысты. Егер жұқа болса, шай қасықты, егер қалың не орташа болса ас қасығын пайдаланған жөн. Масканы шашқа жағып, пакетпен ораңыз. Бір сағаттан кейін сусабынмен жуып тастаңыз.

Ф. Абилова