Судың адам денсаулығына қандай пайдасы бар?

Судың адам денсаулығына қандай пайдасы бар?
Фото: rudaki.ru

Ғалымдардың айтуынша, адамның өмір жасының ұзақтығы сумен байланысты. Бұрын адамдар судың тазалығына онша мән бермейтін. Қазір оның сапасына міндетті түрде назар аударады.

Адамдар таза судың қаншалықты маңызды екенін білмегендіктен, оның орнына шай, кофе, шырын секілділерді тұтынады.

Су адамның дене мүшелеріне әсер етіп, дене қызуын тұрақтандырады. Оның құрамындағы заттар ағзадағы қажетсіз боқаттарды сыртқа шығарып, тазартады. Мұнымен қатар, зат алмасу процессін ретке келтіріп, ағзаға пайдалы заттардың тез сіңірілуін қамтамасыз етеді.

Тәні сау адамның ағзасында 75-80%, ал семіздік ауруына шалдыққан адамның ағзасында 65% сұйықтық болады. Бұл ағзада су мөлшері жетіспесе, адамның семіздік ауруына шалдығып, ісініп кететіндігін меңзейді.

Қ. Бүйенбай