Сұлу болудың сырлары

Сұлу болудың сырлары
Фото: energetix.su

Әжімді емдейтін тұз

Әжімді кетіру үшін бетіңізді ас тұзының салқын ерітіндісімен жууыңыз керек. ½ шай қасықты бір стақан суда ерітіп, қоспа дайындаңыз. Сондай-ақ ½ шай қасық тұзды 50 гр иісмайға қосып, крем ретінде жағуға болады.

Тазартатын лосьон

Бұл лосьонды дайындау үшін лимоннің бір тілімін қайнаған суға салыңыз. Ол теріні жұмсартып, тазартады.

Дәруменді маска

Бұл маска терінің кез келген типіне сәйкес келеді. 100 мл эвкалипт тұнбасынв қара нан үгіндісін қосыңыз. Суын төгіп алып, суланған нанды теріге жағыңыз. 15 минуттан кейін мақтамен сүртіп, жылы сумен жуып тастаңыз. Маска теріні дәруменмен нәрлендіреді.

Ф. Абилова