Арықтауға арналған дәруменді диета

Арықтауға арналған дәруменді диета
Фото: pics.com

Денсаулыққа зақым келтірмей арықтау үшін ағзаға дәрумендер мен пайдалы микроэлементтер қажет. Олар көкөністердің құрамында молынан бар.

Арықтауға арналған салаттарды дайындап үйренейік.

1. Қиярды жақсылап жуып, қабығынан тазартыңыз. Дөңгелек етіп кесіп, кепсерге салыңыз. Тұз сеуіп, араластырыңыз. Тәрелкемен жауып, дуршлагты шұңғыл кесе салыңыз. 30 минуттан кейін қиярды салқын сумен жуып, кептіріңіз. 2 ас қасық су, қант алмастырушы мен сіркесуды араластырып, салқындатып, қиярды тұздаңыз. Туралған ақжелкен сеуіп, 2 сағатқа тоңазытқышқа салыңыз.

2. Салат дайындау үшін сізге қызыл тәтті бұрыш, сары бұрыш, 3 қызанақ, 2 жалпақ пияз бұтағын, 2 ас қасық туралған ақжелкен, 1 стақан көкөніс сорпасы мен тұз керек болады. Бұрышты ұзын етіп турап, қызанақты екіге бөліп кесіңіз. Пиязды ұсақтап тураңыз. Шұңғыл ыдысқа бұрыш, қызанақты салып, үстінен пияз себіңіз. Сорпа құйып, тұздап, 180 градусқа қойып, 30 минуттай пеште пісіріңіз.

3. Салат жапырақтары, қияр, шалғам, аскөк, ақжелкен, көк пиязды ұсақтап турап, өсімдік майымен тұздаңыз.

4. Сізге 4 балдыркөк бұтақшасы, 450 гр ақбас қырыққабаты, 3 қияр, 2 пияз, зәйтүн майы, лимон шырыны, тұз бен ақжелкен керек болады. Қырыққабатты ұзын, жіңішке етіп кесіп, тұздаңыз. Қолыңызбен жұмсартыңыз. Балдыркөкті ұсақтап турап, пияз бен қиярды дөңгелек етіп кесіңіз. Барлығын араластырып, зәйтүн майымен тұздап, лимон шырыны мен ақжелкен себіңіз.

5. 300 гр балдыркөкты қайнатып, суытыңыз. Ұсақтап кесіп, 200 гр алма мен 100 гр сәбізді үгітіп, қосыңыз. 50 гр грек жаңғағын салып, тұздаңыз. Барлығын жақсылап араластырып, қаймақпен тұздау керек.

Ф. Абилова