Күздегі бет күтімі

Күздегі бет күтімі
Фото: plus.google.com

Күзде бетіміздің терісі қабыршақтанып, бұзыла бастауы мүмкін. Ауа температурасының құбылуы теріге әсер етеді. Мұндай жағдайда бетке қандай күтім жасау керек?

Құрғақтық пен қабыршақтану

Бетіңіз құрғай бастаса, майлы иісмай жағудың қажеті жоқ. Оның орнына ылғалдандырушы эмульсияны пайдаланған жөн.

Ұйықтар алдында бетті лосьонмен емес, майлылығы 2,5 пайыз пастерленген сүтпен тазалаңыз. Оның құрамында теріні тыныштандырып, жұмсартатын ақуыз бен ылғал мен майды өткізбейтін қышқыл элемент бар.

Беттің жылтырауы мен ұсақ тесіктерінің кеңеюі

Жаздың аптабынан кейін бетіміз майланып, жылтырай бастауы ғажап емес. Күніне екі рет бетті тазартып отырыңыз. Бұл әдіс безеу мен бөртудің алдын алады.

Бетті тазарту үшін 1 ас қасық шайқурай мен емен қабығына 1 стақан су құйып, 20 минут қайнатыңыз. Қоспаны сүзіп алып, жылытыңыз.

Пигменттік дақ

Күнге күйген соң бетіңізге дақ шығуы мүмкін. Оны тоналды креммен бүркемелеудің орнына емдеуді бастаңыз.

Ақжелкенді ұсақтап турап, 1 стақан қатықпен араластырыңыз. Бір сағатқа тұндырып қойыңыз. Қоспамен бетіңізді күніне екі мезгіл сүртіп тұрыңыз. Бұл емді 1-2 апта жасау керек.

Ал сіз күзде қандай күтім жасайсыз?

Ф. Абилова