Олимпиада чемпионы Татьяна Навканың қыздарға арналған кеңестері

Олимпиада чемпионы Татьяна Навканың қыздарға арналған кеңестері
Фото: www.zvezdanutye.com

Олимпиада чемпионы Татьяна Навка спортта да, өмірде де жолы болған бақытты жан. Ол табиғи сұлулығымен, асқан дарынымен өзінің жанкүйерлерін қуантудан жалыққан емес. Татьяна бала күнінен бастап өзінің анасынан үлгі алғанын айтады. Бүгінгі таңда жасы қырықтан асса да, ол анасынан үйренген қағидалардың арқасында әдемі көрінеді. Сіз де әрқашан айналаңызға ерекше әсер қалдыратындай сұлу болып көрінгіңіз келсе, Татьяна Навка ұсынған ережелерді естен шығармаңыздар.

Ұйқыңызды қандырыңыз. Егер әйел адам ұйқысы қанбаса, ешқашан сұлу болып көрінбейді. Олимпиада чемпионы ұйқы денсаулыққа да өте пайдалы екенін айтады. 

Уақытымен дұрыс тамақтаныңыз. Татьяна Навкадан бір күнге арналған мәзір. 

Таңғы ас: бір шынаяқ кофе, сүтке жасалған сұлы ботқасының жармасы және бір стақан айран. 

Түскі ас: борщ және көкөністерден жасалатын жеңіл салат. Салатқа зәйтүн майын қосуды ұмытпаңыз.

Кешкі ас: бірнеше көкөністер қосылған қуырылған стейк. Және Татьяна жатар алдында алма жеген жақсы дейді. 

Сонымен қатар спортшы қыз суды көп ішеді. Себебі су ағзаны тазартады. 

Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданыңыз. Мәнерлеп сырғанаушы өзінің спорттағы мансабын аяқтаса да, жаттығу залына жиі барып тұрады. Ол адамның денсаулығына кері әсерін тигізетін ауыр диеталардан гөрі, спорттың сұлу болып көрінуге көмегі көп дейді.

Шылым шегуден бас тартыңыз. Татьяна Навка шылым шегуге қарсы және басқа қыз-келіншектерге де одан бас тартуға кеңес береді. Егер темекі тартатын болсаңыз, жүзіңіз жарқырап тұруы мүмкін емес.

Жоғарыда айтылған қағидаларды қашанда жадыңызда ұстаңыз. Сонда Татьяна жеткен жетістіктерге сіз де жетесіз. Ең бастысы денсаулыққа зиянды заттардан аулық болыңыз. 

Ж. Исакаев