Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Сұлу болу үшін лимонды пайдалану керек

Сұлу болу үшін лимонды пайдалану керек

Сұлу болу үшін лимонды пайдалану керек

Косметикалық құралдар пайда болмай тұрғанда арулар бет күтімі үшін лимонды пайдаланған. Лимонның пайдасы өте көп. 

1. Беттегі безеу, бөртуден арылу үшін күніне бірнеше рет бетті лимонмен сүртіп тұрыңыз. Мұны әсіресе жазда жиі жасау керек.

2. Құрғақ бетті нәрлендіріп, жасарту үшін лосьон жасауға болады. Ол үшін 120-140 мл кілегей, жұмыртқа сарысы мен 1 шай қасық балды араластырыңыз. Қоспаға бірнеше ас қасық арақ пен 1 ас қасық лимон шырынын қосыңыз.

3. Лимон қалыпты және майлы бет терісін тазартуға көмектеседі. Ол үшін лимонды үккіштен өткізіп, жарты стақан арақ құйыңыз. Бұл қоспаны 5 күн бойы қараңғы жерде тұндыру керек. Уақыт өткен соң 1 қасық глицерин қосып, қоспаны сүзіп алыңыз.

4. Безеу, бөртуді емдеп, майлы бетті қалыпқа келтіргіңіз келсе, арақ пен лимон шырынының тұнбасын пайдаланыңыз. Тұнған қоспаны мұздатқышқа салып, күн сайын пайдаланыңыз. 

5. Секпілді жасыру үшін лимон шырынын қайнаған суға араластырыңыз. Бұл лосьонмен таңертең және кешке сүртініп тұрыңыз.

Аталған лосьон, қоспаларды пайдаланудың алдында бетті толықтай тазартып алыңыз.

Дайындаған: Фариза Абилова
Фото: fullhdoboi.ru
Қосылған күні: 21 шілде 2015, 17:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.