Денедегі дақтардан арылудың 6 тәсілі

Денедегі дақтардан арылудың 6 тәсілі
Фото: rudaki.ru

Меланоциттер дегеніміз – адам терісіндегі дақтардың пайда болуына әсер ететін жасушалар. Олар қара түсті меланин дағын бөліп шығарады. Кейде меланоциттер меланиндерді шамадан тыс бөлген кезде, денеде түрлі түсті дақтар пайда болады. Қал, секпіл, хлоазма, лентиго да осы құбылыстың нәтижесінде пайда болатын дақтар қатарына жатады.

Денеге дақ көп түссе де, олардан арылуға болады. Осыған орай, дақтан құтылуға көмектесетін 6 рецепт ұсынамыз.

1. Жаңа піскен қиярдан жасалған ботқа

Қиярды үккіштен өткізіп, оны дақтың үстіне күніне үш рет жағыңыз.

2. Лимон шырыны

1:10 болатындай етіп сумен араластырыңыз. Дайын болған ерітіндіні дақтың үстіне күніне екі рет жағыңыз.

3. Ашыған сүт, йогурт, айран

Аталған өнімдердің кез келгенін дақтың үстіне жағып, 15 минутқа қалдырыңыз. Артынша жөке шырынына батырылған мақтамен сүртіңіз. Жөке шырынын лимонмен алмастыруыңызға болады.

4. Банан шырыны

Банан қабығын майдалап турап, 250 мл ыстық суға салыңыз. Артынша ерітіндіні мұз қатыратын ыдысқа құйыңыз. Мұзбен денеңіздің дақ түскен бөлігін сүртіңіз.

5. Тәтті бұрыш

Үккіштен өткізіп, ботқаны бетіңізге жағыңыз. 30 минуттан кейін сүртіп, креммен майлаңыз. Мұндай маска дақтардан арылтып қана қоймай, С дәруменімен қамтамасыз етеді.

6. Ашытылған маска

15–20 г ашытқыны 1,5 шай қасық лимонмен араластырыңыз. Дақтың үстінде 20 минут ұстап, артынша жуып тастаңыз. Kрем жағуды ұмытпаңыз.

Есіңізде болсын: жоғарыдағы маскаларды жаққан соң күн көзіне шығуға болмайды. Сондықтан ұйықтар алдында жаққаныңыз жөн болар.

Қ. Бүйенбай