Шашыңыз ұзын болсын десеңіз...

Шашыңыз ұзын болсын десеңіз...
Фото: missbagira.ru

Көптеген қыздар шаш өсірудің амал-әдістері жайлы жиі сұрайды. Сол себепті назарларыңызға бірнеше пайдалы кеңес ұсынамыз.

Шаш жуу

Шашты салқындау сумен жуған жөн. Содан соң міндетті түрде шөп қайнатпасымен шайыңыз. Шаш су болса, тарамаңыз. Әйтпесе ол шашыңыздың құрылымын бұзады. Кептіргіш, үтік, бұйралағышты сирек қолдануға тырысыңыз. Олар шашты сынғыш етеді.

Нәрлендіру

Поливитаминдерді ішіп тұрыңыз. Кептірілген, тұздалған, маринадталған азықтарды жемеуге тырысыңыз. Сүзбе мен балықты тағам мәзіріне қосыңыз. Олардың құрамында кальций мол болғандықтан, шаштың өсуіне әсер етеді.

Маска

Эфир майларының құрамы шашқа пайдалы. Сол себепті маска таңдау кезінде құрамында эфир майының болғаны жөн.

Жұмыртқа сарысының маскасы

Жұмыртқаның сарысына өз қалауыңыз бойынша таңдалған кез келген эфир майынан 6 тамшы, 1 мл өсімді майын қосыңыз. Шашты емдейтін жақсы майларға жожоба, авокадо, түймедақ, гүлшетен, сәлбен, лаванда, лимон жатады. Қоспаны шашқа жағып, пакетпен орап тастаңыз. 40-90 минуттан соң әдеттегідей басыңызды жуып алыңыз.

Сәбіз маскасы

Бір сәбізді үккіште үгітіп, керамика ыдысына салыңыз. Оған майсана майының 5 тамшысын, кішкене шай жапырағын және 1 шай қасық қаймақ қосыңыз. Барлығын араластырып алыңыз. Шашты жуу алдында осы қоспаны шашыңызға жағыңыз. Басыңызға полиэтиленді пакет жауып, жылы сүлгімен орап тастаңыз. Масканы 40-50 минуттан соң жуып тастаңыз.

Ал сіз шашты өсіретін қандай әдіс білесіз?

Ф. Абилова