Күнге күйген соң түсті қалай сақтаймыз?

Күнге күйген соң түсті қалай сақтаймыз?
Фото: plus.google.com

Күнге күйген соң түсті сақтаудың әдістері бар ма?

Уақытша моншаға бармай тұрғаныңыз жөн. Өйткені бу терінің ұсақ тесіктерін ашып, тазартады. Демек жаңа түс те ағарады. Сонымен қатар скраб, пилинг жасамағаныңыз жөн. Себебі бұл процедуралар терінің үстіңгі қабатын алады. Ваннадан гөрі душқа түскен дұрыс. Ыстық сумен емес, мейлінші жылы сумен жуыныңыз. Егер ваннаға түскіңіз келсе, суға бір стақан қою кофе не шай қосыңыз.

Томат маскасы

Қызанақ құрамындағы пигмент терінің қара реңін сақтауға көмектеседі. Қызанақ, сүзбе мен өсімдік майын араластырып, денеге жағыңыз. Жарты сағаттан соң душқа түсіп, масканы жуып тастаңыз. Бұдан кейін міндетті түрде денені иісмаймен ылғалдандырыңыз.

Сәбіз маскасы

Зәйтүн майын жұмыртқаның сарысымен араластырыңыз. Оған кішкене сәбіз, эфир майын қосыңыз. Бұл масканы аптасына бір рет қолдану керек. Оны арнайы тоникпен шаю керек. Тоникті дайындау үшін қою қайнатылған шайды лимон шырынымен араластырыңыз.

Дұрыс тамақтану

Жаңа реңк ұзаққа дейін сақталуы үшін дұрыс тамақтану керек. Ондай тағамның құрамында А дәрумені молынан болуы керек. Демек, шабдалы, сәбіз, жұмыртқа, сүт пен бауырды жеуіңіз керек.

Мейлінше жиі сәбіз шырынын ішкен жөн.

Солярий жайлы келесі материалымыздан оқи аласыздар.

Ф. Абилова