Сымбатты сақтаудың 9 жолы

Сымбатты сақтаудың 9 жолы
Фото: vk.com

Артық салмақ жинамай, дене сымбатын қалыпта ұстағыңыз келсе, төмендегі кеңестерді жадыңызға сақтаңыз.

1. Апельсин, алма, шие шырындарының орнына апельсин, алманың өзін сатып алып, жеп тұрыңыз. Зерттеушілердің айтуы бойынша, жемістің өзін жейтін болсаңыз, калория санын 20 пайызға азайтасыз.

2. Прессті жаттықтырыңыз. Көбіміз прессті есімізге түскенде ғана жаттықтырамыз. Ал пресс бұлшық еті тез босаңсып кетеді. Сол себепті оны үнемі жаттықтырып тұру керек.

3. Тағам мөлшерін азайтыңыз. Әдеттегі 3 мезгіл тамақтанудың орнына, аз-аздан 6 рет тамақтанған жөн.

4. Тамақты суретке түсіріңіз. Күніне қандай тағам жегеніңізді бақылау үшін оны суретке түсіріп жүріңіз. Сонда сіз порцияңыздағы артық тағамның бар-жоғын бақылай аласыз.

5. Кофе ішіңіз. Бір стақан кофе зат алмасу үдерісін 5 пайызға тездетеді. Алайда кофені 1 стақаннан артық ішпеген жөн.

6. Бөліп жеңіз. Кешкі ас уақытында тәрелкеңіздің жартысын көкөніске, төрттен бірін етке, қалған орнын крахмалды тағаммен толтырыңыз. Бұл мінсіз дене мүсініне арналған «формула».

7. Тамақтану барысында асықпаңыз. Сізді ешкім қуып келе жатқан жоқ. Тіпті асығыс болсаңыз да, тамақты асықпай, шайнап жеуіңіз керек. Сонда сіз тез тойып, мөлшерден асырып жеп қоймайсыз.

8. Жұмыртқаның пайдасы мол. Коннектикут университетінің зерттеушілері таңғы асқа екі жұмыртқа жесеңіз, қарныңыз тез тойып, күні бойы тәбетіңізді бәсең болатынын дәлелдеді.

9. Салмағыңызды өлшеп жүріңіз. Үнемі салмақ өлшеу жақсы әдетке жатады. Артық салмақтан арылуыңызды бақыласаңыз, қандай әдістің көмектескенін де біліп, соны ұстанып жүресіз. Демек, мақсатқа да тезірек жетесіз.

Ф. Абилова