Көктем 2012: Ең сәнді макияж

Көктем 2012: Ең сәнді макияж

Көктем – қыздардың құлпыратын кезі. Көктемде қыздар өздерін күтуі керек. Қыс әлі бітпесе де, біз көктемде сәнді болатынын макияж үлгілерін білеміз. Біздің кеңестерімізге көз жүгіртіп өтіңіз.

Көктемдік макияж бір уақытта көзге түсерлік және табиғи болуы тиіс. Келесі маусымда бір түсте орындалған макияж сәнде болмақ.  Негізгі түстердің бірі коралл түсі болады, коралл түстес ерінге арналған қызыл далап пен еңлік әр сән сүйгіш қызда болуы керек. Жалпы, беттің түсі табиғи, таза болуы керек. Сондай-ақ, киімнің де батыл, ашық, көзге түсетін түстерден болғаны дұрыс. Бұл көктемде артық кетемін деп қорықпаңыз.

Ережелер:

  • Бірінші қадам. Әдемі тері. Теріңізді жайнату үшін ылғалдандыратын кремді қолданыңыз.  Соның әсерінен теріңіз бір сәтте жұмсақ және мақпал тәріздес болады, сондай-ақ, ол теріңізді макияжға дайындайды.  

  • Екінші қадам. Бетіңіздің тегіс реңі.

Тегіс емес жерлерді жасыру үшін рең беретін крем және консилерді қолданыңыз. Рең беретін кремді көп жақпаған дұрыс, беттің табиғи түрін жоғалтпайық. Консилер – терінің оғаш жерлерін жасыратын корректор. Беттің кішкентай кемшіліктерін, тума біткен дақтарды, кішкене әжімдерді тез  жасыруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде әлемнің жетекші косметика өндірушілері консилер құрамына дақтарға ашық рең беретін, безеу мен ұшықтарды кетіріп, жазылуын тездететін витаминдер, антиоксиданттар қосады. Консилерді терінің ақауына қолыңызбен жақсаңыз болады.

Консилердің түсін қалай таңдайды?

Тыртықтар мен терінің қызарған жерлерін жасыру үшін консилерді теріңіздің түсіндей етіп таңдаңыз.

Ұшықтар мен безеулерді жасыру үшін теріңіздің түсінен қоңырқай рең таңдағаныңыз жөн.

Көздің астындағы дақтарды жасыру үшін  теріңіздің түсінен ашығырақ рең таңдаңыз.


  • Үшінші қадам. Еңлік. Жоғарыда атап өткендей, осы көктемде бетке қызыл рең беру, коралл түстес еңлік жағу сәнді болады. Бұл  келбетіңізге ойнақылық қосады.

  • Төртінші қадам. Бетіңіздің әдемі рельефі. Жылтыр бояуды жақтарыңызға,  қастың астына жағыңыз.

  • Бесінші қадам. Қабақ. Қабақтарыңызға табиғи, жылы реңді крем тәріздес бояу жаққаныңыз жөн. Ол макияждың бар екенін көрсетпей-ақ, өңіңізді ашады. Көзге арналған қарындашты қолданып, кірпік бойымен сызық жүргізіңіз. 

  • Алтыншы қадам. Кірпіктер. Көктем макияжында кірпік бояуда ерекшелік жасауға болады. Мысалы, тек төменгі кірпектерді бояуға болады.  

  • Жетінші қадам. Ерін. Ерінге ерекше мән беруіміз керек. Далаптарға қоса, ылғалдандыратын бальзамдар қолдансаңыз, керекті рең аласыз. Бальзам тек түс беріп қана қоймай, ерінге керекті ылғал мен күтім береді.


 

Суреттер Ғаламтордан алынды