Бет күтіміне арналған маска

Бет күтіміне арналған маска

Бетіңіз қатайып, қабыршақтана бастаса, ыстық майлы масканы пайдалануыңыз керек.

Зәйтүн, шабдалы немесе өсімдік майын бір ыдысқа құйып, қақпағын жауып қойыңыз. Ыдысты ыстық суға салыңыз. Май ысыған соң, мақтаны жұқа етіп немесе дәкені майлап, бет және мойынға жабыңыз.

Үстінен тағы бір қабат майлы мақта жауып, сүлгімен қымтаңыз. Маска 15-20 минуттай тұруы керек. Уақыт өткен соң жылы сумен жуып тастаңыз.

Сурет: zdorovi.ru

Ұқсас жазба:

Үй жағдайында дайындалған лосьон

Ф. Абилова