Таңертең міндетті түрде жасалуға тиіс іс-әрекеттер

Таңертең міндетті түрде жасалуға тиіс іс-әрекеттер

Денсаулықтың мықты болуын қаласаңыз, оған арнайы күтім жасау керек. Әсіресе, таңертең. Ол күтім бар болғаны 5 минутыңызды алады.

Уақыты аз болғанмен пайдасы зор кеңестер:

1. Тіл тазалау

Кез келген адам таңертең тіс тазалайды. Бірақ тіл тазалайтындар сирек кездеседі. Мұның маңыздылығын ерте заманда да білген. Таңертең күнделікті тілді тазалап тұру қажеттілігін Авиценна айтып кеткен.

Тіл тазалаудың маңызы қандай?

Біріншіден, тілдегі бактериялар асқазанға түсіп, әртүрлі ыңғайсыздық туғызуы мүмкін.

Екіншіден, тілдегі бактериялар ауыздан жағымсыз иіс шығуы мен ауыз қуысындағы ауруларға себепшісі болады.

2. Ыстық су

Ұйқыдан тұрған соң ағзадағы су деңгейін қалыпқа келтіру керек. Қайнаған, таза суды ысытыңыз. 1 стақан суды толтырып, лимон немесе лимон шырынын қосып, таңғы асқа 20 минут қалғанда ішіп алыңыз.

Оның пайдасы неде?

Біріншіден, су асқазан жұмысын қалыпқа келтіріп, тамақтануға дайындайды.

Екіншіден, зат алмасуды жақсартып, артық салмақтан арылуға көмектеседі.

Үшіншіден, бүйректі тазартады.

Төртіншіден, лимон шырынының құрамында кальций, фосфор, натрий, калий, магний мен темір сынды микроэлементтер және В, С тобының дәрумендері бар.

3. Бал

Таңғы асқа 10 минуттай уақыт қалғанда 1 шай қасық бал жеп, су ішіп жіберіңіз. Бал табиғи және жаңа болуы керек.

Неліктен балды таңертең жеу керек?

Біріншіден, бал – дәрумендер мен микроэлементтерге бай. Оның құрамында фруктоза мен глюкоза көп кездеседі. Олар ағзаға күш беріп, миға да жақсы әсер етеді.

Екіншіден, иммунитетті көтереді.

Үшіншіден, бал ағзаның қартаю үдерісін бәсеңдетеді.

4. Ауыз қуысын сутек тотығымен шаю

Таңғы астан кейін ауызыңызды сутек тотығымен шайыңыз. Ол үшін 3 пайыздық сутек тотығының 5-7 тамшысын 50 мг таза, қайнамаған сумен араластырыңыз.

Не үшін шаю керек?

Біріншіден, кариестің, тіс, қызыл иек ауруларының алдын алу шарасы.

Екіншіден, ауыздың жағымсыз иісін жояды.

Үшіншіден, тісті ағартады.

Күнделікті таңертең осылай шайып тұруыңыз керек.

Сурет: gotowall.com

Ұқсас жазбалар:

Тісіңізді ағартқыңыз келсе...

Мамандар шикі сүт ішуге тыйым салды

Омыртқаның қисаюы неліктен қауіпті?

Түн ұйқысының қаншалықты маңызды екенін білесіз бе?

Ф. Абилова