Фитнес этикеті

Фитнес этикеті

Қазірде арықтаймын, денсаулығымды күтемін деушілерге жағдай барынша жасалған. Фитнесті таңдаған аруларға қандай кеңес бере аламыз?

Жаттығу залында фитнес этикеті деген түсінік бар. Оның аясындағы заңдылықтармен танысыңыз:

1. Киім

Қысқа топ, денемен дене болып тұратын шорты, макияж дегенді ұмытыңыз. Бұл фитнес жарнамаға арналған «имидж». Ал жаттығу залында өзіңізге жүгіруге, жүруге, әртүрлі дене жаттығуын жасауға ыңғайлы болатын бостау киім алғаныңыз жөн. Жаттығу барысында терлейтіндіктен, макияж орынсыз болады. Шашты да жайып, сәнденудің қажеті жоқ.

2. Әшекей бұйым

Сырға, сақина, білезік секілді бұйымдарыңызды шешіп қойыңыз. Сылдырлап жұрттың мазасын алудан бұрын олар өзіңізге жаттығу жасауға ыңғайсыз болады.

3. Әтір, иіссу

Жаттығу залына келгенде әтір не иіссуды себудің қажеті жоқ. Мүмкін кейбір жігіттердің назарын аулай аласыз, бірақ жаттығу залында тұрған мықты иіс көптеген адамның ызасын келтіруі мүмкін.

4. Жылдамдық

Жаттығу құрылғыларын ұзақ уақыт бойы «басып» алмаңыз. Иә, сіз оны пайдалануға құқылысыз, ақшасын төледіңіз. Алайда өзгелердің де қажетсінетінін ұмытпаңыз. Оның үстіне бір құрылғыда көп уақыт жаттығу зиян.

5. Сүлгі

Жаттығу залына сүлгі алып келу керектігін ұмытпаңыз. Оны құрылғыға жайып, жаттығуға дағдыланыңыз. Сонда сізден кейін құрылғы таза болады.

Аталған кеңестерді жадыңызда сақтап, пайдаға асырыңыз. Іске сәт!

Сурет: rudaki.ru

Артық салмақтан арылғыңыз келсе...

Арықтауға не кедергі?

Таңғы ас – тәңірден

Арықтағысы келетіндерге кеңес

Ф. Абилова