Сұлулықты сақтап қалар 25 тәсіл (Жалғасы)

Сұлулықты сақтап қалар 25 тәсіл (Жалғасы)

Сұлу болу, сұлулықты сақтап қалу оңай емес. Ол үшін күнделікті өзіңе күтім жасап, ерінбей еңбектену керек. "Сұлулық - құрбандықты талап етеді" деп бекер айтылмаса керек. Әдемі қартайғыңыз келсе, осы бастан өзіңізді қолға алыңыз.

Көз, бет, мойын күтімін мына жерден оқыңыз.

Дене

14. Жылы ваннаға бір стақан қаймақ немесе майлы сүт құйып жуыныңыз. Бұл денеңіздің терісін жұмсартатын ең жақсы тәсіл.

15. Ал бір стақан таза апельсин шырыны (оны да ваннаға құю керек) дене терісін сергітіп, қатайтады.

16. 4-5 шыны кофеден қалған кофе қоюын денеге жағып, пилинг жасауға болады. Әсіресе моншаға не саунаға кіріп шықсаңыз. 

Қолдар

17. Шынтақтың қабыршықтанған терісін жұмсарту үшін лимонды екіге бөліп, шынтақтарыңызға салып, 10-15 минут ұстаңыз.

18. Қолға арналған құнарлы крем: жұмыртқаның 1 сарысы, 1 үлкен қасық бал және 1 шай қасық сұлы ұны. Қолдың сыртқы терісіне қалыңырақ етіп жағыңыз да, мақта-матадан жасалған қолғап киіп, бір түн немесе бірнеше сағат ұстаңыз.

19. Қолды әр жуған сайын арнайы ерітінді жағып отырған абзал, оны тіпті қол жуғыштың жанына қойып қойсаңыз болады. Бұл глицерин, қызғылт судың тең қосындысы және 10 тамшы мүсәтір спиртінен жасалатын ерітінді.

20. Жасы үлкен әйелдер тырнақтарын ашық түспен бояғандары дұрыс. Бұған мынадай психологиялық анықтама беріледі: адам түстерді қабылдаған кезде ең бірінші ашық түстерге мән береді, ал қалған түстер көлеңкеде қалады. Демек, елдің көзі бірінші тырнақтарыңызға түседі де, пигменттік дақтар, әжімдер мен басқа да кемшіліктер байқалмай қалады. 

Аяқтар

21. Өкшенің қабыршақтанған, жарылған жеріне мынадай маска жасауға болады: 30 минуттай сүтте (200 г) орташа алманы салып, қайнатыңыз. Кейін оны езіп, пюре жасаңыз да таза аяқтарыңызға жағыңыз. 15-20 минут ұстап, жылы сумен жуыңыз.

22. Тізе терісі жұмсақ әрі тегіс болсын десеңіз, аптасына бір рет денеге арналған скрабпен тазалаңыз. Одан кейін ара балауызынан немесе Е дәруменінен жасалған қолға арналған құнарлы крем жағып қойыңыз.

23. Егер аяғыңыз жиі терлейтін болса, аптасына 1-2 рет салқын суда шайыңыз. Сонымен қатар, бұл процедураның жанама әсері де бар: бүкіл ағзаны да шынықтырады. 

Шаш

24. Қайызғақты кетіретін халық тәсілі: 2 үлкен пияз қабықтарына 0,5 л қайнаған су құйып, 15 минут ұстайсыз. 1 айдай әр шаш жуған сайын осы қайнатпамен шаясыз.

25. Егер шашыңыз ұзын болса, шашқа арналған кондиционерді шаштың ұшына ғана жағыңыз. Осылай олар ұзақ уақытқа таза болып жүреді. 

Сурет: odyvanchik.info

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina