Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Сұлулықты сақтап қалар 25 тәсіл

Сұлулықты сақтап қалар 25 тәсіл

Сұлулықты сақтап қалар 25 тәсіл

Сұлу болу, сұлулықты сақтап қалу оңай емес. Ол үшін күнделікті өзіңе күтім жасап, ерінбей еңбектену керек. Сұлулық - құрбандықты талап етеді деп бекер айтылмаса керек. Әдемі қартайғыңыз келсе, осы бастан өзіңізді қолға алыңыз.  

Көздер

1. Шаршаңқы көздерді қайта жадырату үшін шикі картопты үккіштен өткізіп қабағыңызға маска жасаңыз (10-15 минут ұстаңыз). Ол сонымен қатар әжімдерді тегістейді және күнделікті макияждан шаршаған көз айналасындағы нәзік теріні сергітеді.

2. Көз айналасындағы теріге ешқашан пилинг жасамаңыз, бұл онсыз да жұқа теріні одан сайын жұқартады.

3. Егер қасыңызды жұлғанда қатты ауыратын болса құнарлы крем жағыңыз. Ал артығын мақтамен сүртіп тастаңыз, әйтпесе қас жұлғыш сырғанайтын болады. 

Бет

4. Таңертең жолжелкеннің қайнатпасынан жасалған мұзбен бетіңізді сүртіп отырыңыз. Бұл теріні сергітеді және кішкентай жараларды тез жазады.

5. Пилингті сәл ылғалданған, таза бетке жасаңыз және тоникпен емес, жылы сумен кетіріңіз.

6. Кез келген кремді бетті жуғаннан кейін минимум 15 минуттан кейін жаққан дұрыс. Өйткені ылғал теріге жағылған крем жылу бөлуді тоқтатып, жылудың реттелуін бұзады.

7. 25-тен асқан әйелдерге кеңес, күніне бетке жаттығу жасап тұрған абзал: 5 минуттай саусақтарыңыздың ұшымен бетіңізді ұрғылаңыз. Бұл қан айналымын жақсартады, терінің тонусын қатайтады, әжімдердің пайда болуының алдын алады.

8. Күз-қыс мезгіліне өте пайдалы маскалар: бал және зәйтүн майы. Оларды араластырып та (1-ге 1 пропорция), бөлек те жақсаңыз болады. 10-15 минуттай ұстап, сабынсыз сумен жуып тастаңыз, май кетпесе мақтамен сүртіңіз.

9. Маска жағар алдында (қолдан жасалған болсын, сатып алынған болсын) бетіңізді 10 минуттай ыстық ваннада булап алсаңыз маска жақсы әсер етеді. Егер бет теріңізде капиллярлар кеңейген болса бу ваннасын жылы компресспен алмастырыңыз: қалың салфетканы ыстық суда сулап, сығып, бетіңізге басыңыз.

10. Майлы сезімтал теріні жалбыз, түймедақ, сүйелшөп, итошаған тұнбаларымен сүрткен жақсы.

11. Майланып, жылтылдаған теріні құрамында спирті бар құралдармен сүртіп, күресе алмайсыз. Бұл терінің жоғарғы жағын құрғатады, бірақ май бөлуді тоқтатпайды. 

Мойын

12. Екінші иек пайда болудың алдын алу үшін немесе оны кетіру үшін күнделікті мынадай әрекеттерді жасаңыз: 3-5 минуттай тұз қосылған суға малынған орамалмен (1 стақан суға 1 шай қасық тұз) иегіңіз бен мойныңызды ұрғылаңыз.

13. Мойынның солғын терісіне маска: қатты піскен бананды езіп, 10-15 минутқа қойыңыз, жылы сумен жуыңыз. 

Жалғасы бар...

Сурет: petrushki.net

Дайындаған: Анар Мұстафина

17016 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 20 маусым 2012, 00:02
Пікірлер
+0
20 маусым 2012, 12:05

Екінші иек деген қандай? не нәрсе?

+0
20 маусым 2012, 12:37

второй подбородок, сен жассың әлі саған керек емес)))

+0
24 ақпан 2013, 00:44

менде ол бар,ұят-ай :oops: :oops: ...............

+0
20 маусым 2012, 12:38

Дұрыс, осындай майда кеңестерді орындау керек.

+0
20 маусым 2012, 12:42

күшті кеңестер

+0
20 маусым 2012, 18:37

Шикі картоп тілімдерін көзге қою расымен көмектеседі.

+0
20 маусым 2012, 18:50

Пайдалы кеңестер үшін рахмет!

+0
21 маусым 2012, 13:32

Мен деген кремді мей

+0
21 маусым 2012, 13:33

лінше ылғал бетке жағамын ғой. Дұрыс емес екен ғой.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...