"3-2-1" диетасы туралы білесіз бе?

"3-2-1" диетасы туралы білесіз бе?

«3-2-1» диетасын уақытша шектеуден гөрі тамақтанудың өмірлік ережесі деп айтқан жөн. Мұны әйгілі актриса Джессика Альбаның жаттықтырушысы Рамона Браганз ойлап тапқан. Ол күніне 3 уақыт тамақ жейді және 1 литр су ішеді. Мұнымен қатар, бір тәулікте желінетін калорияның мөлшері мен тыйым салынған азық-түліктер тізімі бар. Джессика Альба осы қағиданың арқасында 2 ай ішінде 11,5 келіге арықтаған.

Алайда, ана болу бақытына ие болған Джессика ең бастысы мінсіз мүсін емес, денсаулық екен айтады.

«3-2-1» қағидасы осы себепке байланысты тәтті, ұнды, көмірсу, тұз сынды тағамдардан бас тартуға негізделген. Есесіне майсыз қатық, ет, көкөніс, жеміс-жидек жеуге болады.

Төмендегі тағамдарды тұтынған кезде құрамында 1800 калория ғана болуы керек:

♦ Тұз бен тұздалған тағамдар;

♦ Қант және кез келген қантты тағам;

♦ Ұнды тағамдар;

♦ Барлық фаст-фуд;

♦ Майлы тұздықтар;

Таңғы ас:

♦ Буға піскен омлет;

♦ Жидек қосылған сұлы;

♦ Қатық;

Түскі ас:

♦ Майсыз ет немесе балық;

♦ Көкөністерден жасалған салат;

Кешкі ас:

♦ Бір тілім ет;

♦ Пісірілген күріш;

♦ Арасында жаңғақ пен кептірілген жеміс-жидек жеуге рұқсат етіледі.

Ал, Сіз қай диетаны ұстанасыз? Әлде диета денсаулыққа зиян деп ойлайсыз ба?

Сурет: rudaki.ru

Қ. Бүйенбай