Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сымбат / Өз-өзіңді күтіп ұстаудың ережелері

Өз-өзіңді күтіп ұстаудың ережелері

Өз-өзіңді күтіп ұстаудың ережелері

Әдемі әйел мен өзін күтетін әйел – екі бөлек ұғым. Егер біріншісі – құдайдың берген сыйы болса, екіншісі – сіздің уақытыңыз бен еңбегіңіз. Және әрбір адамға әдемі болу жазылмағанымен, өзін-өзі күту әркімнің өз қолында.

Шаш
Шаш әрдайым таза, таралған, жинақы болуы керек. Кейбіреулері сол үшін басын күнде жууы мүмкін. Егер шашыңыз қысқа болса, айына бір рет шаштаразға барып, пішінін жоғалтпауға күш жұмсау керексіз. Егер шашыңызды әрдайым бояп жүретін болсаңыз, түбінен өз шашыңыз өсе бастағанда кейпіңізді құрта бастайды. Ай сайын шашыңызды бояғыңыз келмесе, шашыңыздың табиғи түсінен 1-2 түске ғана ерекшеленетін түстерді таңдаңыз.

Тері
Қатайған, жарылған тері, майланғаннан шекенің жылтырауы, жарылған ерін, қара нүктелер, безеу бет – өзін-өзі күтетін әйел ешқашан мұндайға жол бермейді. Қандай да бір кремдер мен майларға жүгінерден бұрын, бәлкім косметологқа қаралып, теріңіздің типін анықтап, кеңес алғаныңыз дұрыс болар? Тері күтімінің күнделікті жоспарына теріні тазалау мен ылғалдандыру және құнарландыру кіру керек. Ол үшін маска не крем қолдансаңыз болады. Ал аптасына 1-2 рет пилинг немесе скраб жағып, тазалап, артық жүндерді қырып отырған жөн.

Қол
Тұрмыстық химиямен, сумен және топырақпен байланысты үй тірліктерін арнайы қолғап киіп жасаңыз. Маникюр әрдайым толыққанды, ет-терісі күтілген, тырнақ егелген, қолдарыңыз ойылмаған болсын.

Макияж
Артық макияж жақпаңыз. Назарды не көзіңізге, не ерініңізге салыңыз. Өте қарапайым, ұқыпты макияж жасауға тырысыңыз. Көзіңіздің бояу жартылай кетіп қалған, сүрмеңіз жағылып қалған, помадаңыз жартылай өшкен түрде жүру сырт көзге қалай көрінетінін елестете беріңіз. Сөмкеңізде әрдайым тер сіңіргіш майлық, мақталы таяқша, опа сауыт, корректор, ерінге арналған жылтыр далап болсын.

Киім
Жеңіңізге тамып кеткен кішкентай дақ немесе көйлегіңіздің етегі бүктелініп қалғаны білінбейді деп ойлайсыз ба? Жалпы оған бас қатыруға уақыт жоқ дейсіз бе? Бірақ сіздің жалпы көрінісіңіз осындай ұсақ-түйектен құралады! Умаждалған көйлек, салбыраған жіптер, шаң-шаң туфли иесі жайлы жақсы көзқарас тудыра қоймас. Өзін-өзі күтетін әйел өзіне не жарасатынын, қандай түстер жүзін ашатынын білуі керек. Қыпша беліңіз болса, әдемі белдікпен айқындаңыз, әдемі білекті сәнді білезікпен, ал аққу мойыныңызды сәйкесінше ашық декольтемен көрсетуге тырысыңыз.

Әрдайым әдемі болып жүріңіздер!

Сурет: badfon.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

7951 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 08 маусым 2012, 09:18
Пікірлер
+0
08 маусым 2012, 11:28

Құлаққа таққан көрінер-көрінбес сырғаның өзі адамды өзгерте алады ;)

+0
08 маусым 2012, 11:55

Жалпы образ ғана маңызды. Таза шаш, күтілген тырнақ пен қас, таза бет терісі - осылар болса бәрі оки))) Аса көп манипуляция жасаудың керегі жоқ. Бет майының жылтырын сіңіріп алатын Шисейдоның арнайы ормалдары бар (тамаша нәрсе екен), вазелин деген дүние де тамаша))) әсіресе жарылған ерінге жағып, шынтақ пен тырнақ жанындағы теріге күшті әсер етеді. Жаз мезгілінде көп косметика теріге кері әсерін тигізеді,сол себеп пулевизаторға таза (кейде минерал) суын құйып, бетке, шашқа сеуіп жүру керек екен.

+0
08 маусым 2012, 12:24

Ол қандай мазь? Қыс кезінде ернім қатты жарылады. :(

+0
08 маусым 2012, 13:02

вазелин деп аталады солай. Арзан, асып кетсе 100 теңге)) + ерін қатты жарылса бал жағу керек және а витаминін ішу керек. Өзімнің де ернім қатты жарылатын еді, содан дәрігер витамин іш деп кеңес берді. Ал балды уже біткен блеск для губ құтысына құйып алуға болады. Көмектеседі.

+0
08 маусым 2012, 13:18

Рахмет )))

+0
08 маусым 2012, 16:13

Вазелиннің пайдасы көп деп естігенмін

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...