Тәтті тағамдардан бірден бас тартуға болмайды

Тәтті тағамдардан бірден бас тартуға болмайды

Тәтті тағамдарға деген құштарлық ішімдікқұмарлықпен бірдей. Онымен де белгілі бір дәрежеде күресу қажет. Ол үшін төмендегі қарапайым 4 ережені орындауыңызға болады.

1. Еш уақытта тәтті тағамдардан бірден бас тартпаңыз. Дәл осылай бірнеше күн немесе бірнеше апта шыдасаңыз да, артынша ағзаңыз өзіңізге көнбеуі мүмкін. Ал оны тойып жеген соң тісіңізге де, ағзаңызға да зақым келеді.

2. Сүтті тағамдарды, кепкен жемістерді, жаңғақты көбірек жеңіз. Мысалы, тәтті тағамды қатты жегіңіз келсе, оны жеміс дәмі бар йогуртпен алмастырыңыз.

3. Десертті құрамында фруктозасы бар тағамдармен алмастырыңыз. Бірақ оның ағзаға тигізетін жағымсыз әсері де болатындықтан, тек бастапқы кезеңде ғана пайдаланғаныңыз жөн.

4. Құрамында қанты мен газы бар сусындардан бас тартыңыз. Артынша шәй мен кофедегі қант мөлшерін азайтыңыз. Мұнымен қатар кәмпитті банан алмастыра алады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: frukt.ru



Қ. Бүйенбай