Жаңа тренд: ақ жолақ

Жаңа тренд: ақ жолақ

Қара жолақ сынды классикаға уақыт әрдайым табылады, ал осы жазда макияжыңызда болмаған дүниені: ақ жолақты пайдаланып көріңіз.

Жаз уақытында қошқыл реңктер қою ашық реңктермен – кемпірқосақтың барлық түсімен алмасады, қара түс жолын ақ түске береді. Бұл жаңа маусымда жаңа бейне қалыптастыруыңмен тікелей байланысты, әрі бұл киіміңе ғана емес, макияжыңа да қатысты. Визажистер әрдайым бізді батыл қадамдарға итермелеп әуре, үйреншікті тушьтің орнына түрлі-түстісін пайдалануға кеңес береді, ерінді ақылға сыймайтын түстермен бояуды ұсынады, ал енді қара сүрмені... аққа алмастыр дейді. Әлбетте, бұл қара сүрмеден күзге дейін үзілді-кесілді бас тарту деген сөз емес, бірақ жаз жоспарына ақ сүрмемен тәжірибе жасауды қосуға болады.

Ақ сүрме өзіңізге, әсіресе көзіңізге көңіл аудартпай қоймайтыны рас. Сондықтан бұл әдісті ұтымды деп тауып, подиумда кеңінен пайдалануда. Көрсетілімдерде ақ сүрмемен Kenzo, Moschino және Tibi сәнбикелерінің көздерін бояды, ал MM6 Maison Martin Margiela шоуы үшін ақсары түспен қабақты бояп, үшбұрыш жасаған. Макияждың бұл түрі қолайлы деуге келмес, есесіне ерекше.

  • Ақ жолақ неге әсіресе жазда қолайлы? Ақ су киімі, ақ көйлек, жейде, футболка, шорты және басқа да ақ заттар сияқты ол күнге күйген терімен жақсы үйлеседі және терінің алтындай жарқырауын қамтамасыз етеді.
  • Алайда теріңіз күнге күйіп үлгермесе де, ештеңе етпейді. Ең бастысы бет терісі тегіс, сау болғаны абзал. Ол үшін тоналды крем, опа, хайлайтер пайдалансаңыз болады. Сонда ақ сүрме де үйлесімді көрінеді. Кері жағдайда, визажистердің пікірінше, ақ жолақтың кесірінен бет реңі аурушаңдық тартуы мүмкін.
  • Ақ жолақ – жазғы би кештері мен ұйқысыз түндерінің салдарынан болатын шаршаңқы реңді жасыратын жақсы құрал. Егер көздеріңіз сәл қызарып тұрса, ақ жолақтар қызаруын азайтады немесе оның көрнектілігін басады.
  • Егер ақ жолақты бірдеңемен үйлестірмек болсаңыз, онда күңгірт көз бояуын таңдаңыз. Мұндай жағдайда ақ жолақты қабаққа бояу жағып алған соң ғана жағу керек. Күңгірт фонда ақ жолақтар ерекшеленіп тұрады, ал көз бояудың жылтырақтары оның көрнекілігін басады.
  • Егер көзқарасыңызды барынша айқындау керек болса, онда көзге арналған ақ қарындашты пайдалансаңыз болады, алайда ақ жолақтар да көзді «бадырайта» алатын қасиетке ие.

Сурет: cosmo.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina